«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бухгалтерлер клубы атқарылған жұмыстың есебін берді

2017 жылғы 26 Желтоқсан
5467 просмотров

Бухгалтерлер клубының мүшелері марапатталды

Ұлттық палата алаңында 26 желтоқсанда «Атамекен» ҚР ҰКП Бухгалтерлер клубы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиын модераторы – Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің басқарушы директоры, Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ален Түлкібаев болды.

Кездесуге салық салу департаментінің басқарушы директоры Жеңіс Жанболатова, қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары Ерлан Шырынбеков, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бас бухгалтері Күлжан Садуақасова, Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Данияр Сыдықов, Бухгалтерлі клубы Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты, ал өңірлердегі мүшелермен бейне байланыс орнатылды.

Жиынды ашқан Ален Түлкібаев Бухгалтерлер клубы 2016 жылы құрылғанын, осы клубы құру ұсынысын Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасын басқарған Юрий Тілеумұратов білдіргенін атап өтті.

«Екі жыл ішінде 278 жиын өткізіліп, 17 мың адамды қамтылды. Осы уақыт аралығында мемлекеттік орган өкілдерімен тығыз байланыс орнатылды. Мемлекеттік кірістер, статистика департаменттері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, консалтингтік, аудиторлық компаниялардың дәріскерлері және бухгалтерлермен бірлесіп жүмыс атқарылып келеді», - деп атап өтті Үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Спикер атап өткендей, Клубта 2017 жылы көтерілген ең өзекті тақырыптар:

  • Салық, Салық кодексіндегі өзгертулер (камералық бақылау, бақылау-кассалық машина, қаржы-салық есебіндегі өзгертулер) (49%);
  • Электронды шот-фактурасын енгізу (18%);
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (15%);
  • Бухгалтерлік есеп (7%);
  • Кеден заңнамасы (4%);
  • Статистикалық есеп, сатып алулары және т.б.

Жиын барысында Бухгалтерлер клубының жұмысына айтарлықтай үлес қосқан мүшелер алғыс хатпен марапатталды (тізіммен таныса аласыздар).

Отырыста бюджетті қалыптастыру, жұмысты жетілдіру мәселелері талқыланып, Клубтың ұйымдастырушылық мәселелері де айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер