«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды кәсіпкерлерін ашық айтуға шақырды

2017 жылғы 26 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
7035 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің қорытынды жиынында ішкі істер органының тарапынан заңға қайшы әрекеттен қысым көрсетілу мәселесі айтылды

Бизнесмендер көп жағдайда жергілікті құқық қорғау органының тарапынан болған заңға қайшы әрекет жайлы айтпағанды жөн санайды. Дегенмен, Шахтинск қаласындағы жеке кәсіпкер Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасына заңсыз қылмыстық жауапқа тартқанына шағымданған.

Жеке кәсіпкер Дана Хамзина өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс жайында екі жыл өткеннен кейін білген. Нақты айтқанда, бизнес-леди сотталған 8 азаматтың банк карталарын иеленіп, заңға қайшы әрекетпен сол карталардан қаражат шешкен деген іс қозғау барысында. Ең соңында заңсыз құжаттар болғандықтан іс соттың талқылауына жетпейді, тараптар өзара келісіммен тарқайды.

«Бұл істе қорғауға жататын куәгердің сөзі хаттамаға тіркелген. Хаттаманы Шахтинск қаласының ішкі істер органының тергеушісі дайындаған. Бизнесвумен атынан осы іске қатысты түсінік берілген», - деп түсіндірді І санатты сарапшы Юлия Олейник.

Мұнымен қоса, сол хаттамада қандайда бір қол қойылмаған, тұрғылықты мекенжай дұрыс көрсетілмеген.

Аталған жағдайға байланысты зардап шеккен кәсіпкер құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінген. Екінші рет Қарағанды облысының  прокуратурасына қылмыстық іс материалдарының бұрмалану дерегіне өтінім жазғаннан кейін ғана өзгеріс орын алған. Кәсіпкердің айтуынша бұл негізсіз айыпты алдыртуға бел буған.

«Қазіргі таңда тараптардың өзара татуласқаны үшін сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулы жойылды. Учаскелік бөлімшенің аталған шешімді қабылдаған қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Мейрам Таутенов.

Мұнымен қоса толық жауап беріп, таяу арада осы істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Ішкі істер органдарының заңға қайшы әрекетінің салдарынан кәсіпкердің бизнесінде қиындықтар туындап, өзі өнімін ЭКСПО-2017 көрмесіне шығару мүмкіндігінен де айрылған.

Сөз соңында Кеңес төрағасы Серік Төрегелдин өңірдегі және қаладағы барлық кәсіпкер құқық қорғау органдарының тарапынан қандайда бір заңсыз әрекетінен зардап шеккен жағдайда Кәсіпкерлер палатасына жүгінуі керектігін тағы бір мәрте еске салды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер