«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер орманды пайдалану мәселесін көтерді

2017 жылғы 25 Желтоқсан
9454 просмотров

Кәсіпкерлер Ұлттық палата алаңында өткізілген арнайы жиында мемлекеттік қордағы орман аумағын пайдалану мәселесін талқылады

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен қызығушылық танытған тұлғалар қатысты.

«Біз жақында ғана Үкімет отырысында орман ісіне қатысты бірнеше жайттарды айтқан едік. Бірінші – көптеген жағдайларға қатысты ұзақ уақыт орманды пайдалануды қысқарту мәселесі», - деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Еске салсақ, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында биологиялық көптүрлілік сақтау және оны рационалды пайдалануға қатысты сөйлеген сөзінде өкілетті орган сүрек дайындау үшін орманды ұзақ мерзім пайдалануға тыйым салуға және мемлекеттік мекеменің өзіне қажетті орман шаруашылығы іс-шараларын өткізуді беру туралы ұсыныстар айтылды.

Орман және жануарлар әлемі шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Өстеміров республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында орман шаруашылығын жүргізуде 2003 жылдан бастап республикада сүрек дайындау үшін орманды ұзақ мерзім пайдалану институты енгізілгенін атап өтті.

«Бүгінде 76 орман пайдаланушыға ресурстар берілген: Ақмола облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 14, Қостанай облысында – 16, Павлодар облысында – 4, Солтүстік Қазақстан облысында – 25», - деп хабарлады Қайрат Өстеміров.

Жиынға қатысушылар осы саланы дамыту үшін біқатар өзгеріс қажет екенін жасырмады.

«Бұл мәселеге айтарлықтай сындарлы түрде келу керек, адал кәсіпкерлер бар, шектеу қойылуға жататын ұзақ мерзімді келісімшарттар да бар, сондай-ақ белгілі бір қауіп те жоқ емес. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттар болмаса, онда инвестиция құюдың мәні бар ма?!» - деді Елдос Рамазанов.

Орманды пайдалану мен шектеу шараларын енгізу секілді түбегейлі өзгерістер әлеуметтік-экономикалық қиындыққа ұшыратуы мүмкін. «Атамекен» ҰКП өкілдері бұл саланы зерделеп, дамыту құралдарын ұсыну керектігін атады. Мысалы өндірістік мақсатта плантациялық орман өсіруді қолға алу және тағы басқа да ұсыныстарды айтты.

Заңнамада тез өсетін және бұталы ағаштарды егу мен өсіру, жеке орман өсіру шығынын өтеу қарастырылған. Алайда бұл жұмыс істемейді, осы саланы дамыту ұсынылды.

Өндірістік кесуге жол берілген ормандар солтүстікте және шығыс өңірде. Шығыс Қазақстан облысынан бөлек, ормандар бір-бірінен алшақ орналасқан әрі айтарлықтай ауқымды емес. Ресурстық әлеует жекелей алғанда орман шаруашылығы мен орманшылықта 50 мың м3 аспайды. Бұл ағаш дайындау кәсіпорнын ұйымдастыруға келмейді. Сондықтан бұл іспен бизнестің ұсақ және орта субъектілері айналысып келеді.

Көпшілікке пайдалануға берілетін орман жапырақты (89%), олар нарықта аса сұраныста емес. Шикізатта отындық ағаш сұрпына сұраныс жоғары (68%).

Орманды ұзақ мерзім пайдалану кезеңінде (2006 жылдан бастап) Шығыс Қазақстан облысында сүрмекті қайта өңдеу өндірісі (фанера, USB тақтай, фенолформальдегидті шайыр өндірісі, ағаштан үй салу, пиломатериалдар өндірісі және тағы басқа да ағаш бұйымдар өндірісі) ағаш дайындайтын және ағашты қайта өңдейтін өндіріс техникасы мен жабдығын агрегатты жөндеу өндірісі іске қосылды.

Ұзақ мерзімге келісімшарт жасағандар жыл сайын жол-құрылыс техникасы паркін жаңартып, ағаш кесетін, ағаш тиейтін түрлі техникалар алып отыр. Бұл қол еңбегін 90%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысымен мемлекеттік орган, «Атамекен» ҚР ҰКП, қауымдастықтардың өкілдері, сарапшылар мен басқа да мүдделі тұлғалардан жұмыс тобын құруға шешім қабылданды.

«Осы мәселені бүге-шігесіне дейін белсенді түрде талқылайық, баршаңызды жұмыс тобын құруға атсалысуға шақырамын. Ұсыныстарды дайындап, «Атамекеннің» ұстанымын жеткізейік», - деп тұжырымдады Басқарма Төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер