«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда ірі қауымдастықтың жұмысы басталды

2017 жылғы 25 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
12464 просмотров

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан мектепке дейінгі мекемелер қаумдастығының жұмысы қайта басталды.

Кездесуге облыстық және қалалық 41 жеке меншік балабақшаның өкілдері мен басшылары, сондай-ақ облыстық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары қатысты. Бұл басқосу Іскер әйелдер кеңесінің жанындағы мектепке дейінгі мекемелер комитетінің бастауымен ұйымдастырылды.

Кездесуде өңір мен қаладағы мектепке дейінгі білім берудің ахуалы жайында ақпарат берілді. Қалалық білім бөлімінің бас маманы Әлия Базарбайдың айтуынша, мемлекет жеке меншік секторды қарқынды тарта бастады. Мұнымен қоса, мемлекеттік тапсырыстың арқасында бизнестің дамуы да серпінді. Осылайша мектепке дейінгі жастағы балаларға орын жетіспеу мәселесі де шешіліп отыр.

«Мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкерлерді тартып және мемлекеттік-білім беруі тапсырысын енгізу жұмысын атқарып отыр. Бүгінде балаларға арналған 41 мекеме жұмыс істейді, онда 5397 орын бар», - деп түсіндірді Әлия Базарбай.

Алайда күні бүгінге дейін Майқұдық ауданында орын тапшы. 1,5 мың балаға дейін кезекте тұр. Бұл орташа алғанда 5 балабақша болады.

Сонымен қатар, Қарағандыдағы «Дарынды бала» балабақшаларының құрылтайшысы Айнагүл Хамитова бірауыздан қауымдастық төрайымы болып таңдалды.

«Біз заңнама жобаларын дайындауға, ұсыныстар енгізуге белсенді боламыз, ғылыми-әдістемелік зерттемемен айналысамыз. Тіпті, жеке меншік балабақша мемлекеттік балабақшаға бәсекелесе алады. Адал бәсеке болған жерде даму да бар. Халықаралық тәжірибені пайдаланамыз. Үздік ғылыми зерттеулерді енгіземіз, медиацияны жақсартып, балабақша ашуды енді қолға алғандарға көмектесетін боламыз, тәжірибе алмасамыз», - деді жоспарымен бөліскен Айнагүл Хамитова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер