«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін оңтайландыруды ұсынылды

2017 жылғы 21 Желтоқсан
5291 просмотров

Электрондық форматқа көшу сыбайлас жемқорлықдың алдын алу шараларының бірі болмақ

21 желтоқсан Астанада «ҚР мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдірудің тәсілдері мен жолдары» атты конференциясы өтті. Конференцияны Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі (USAID) мен Орталық Азияның Еуразия қоры қолдауымен Ақпараттық қор өткізді.

Іс-шараға ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР мемлекетті қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері, министрліктер мен жергілікті атқару органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП, халықаралық ұйымдар, Назарбаев университеті, мүдделі тараптар қатысты. Конференцияның модераторы Ақпараттық қордың өкілі Сергей Пизиков болды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігінің департамент директоры Әділбек Мұқашев мемлекеттік қызмет көрсетуде шетелдік тәжірибені қолданудың қажеттігін айтты.

«Ең бастысы мемлекеттік қызмет түсінігін қайта қарастыру керек. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, барлық  үндеулер бір жерге жұмылдырылған. Өзбекстанда барлық үндеулердің айналымы жинақталған «халықтық қабылдау бөлмелері» бар. Қазақстанға да осы тәжірибені қолдану керек», – деп есептейді  Әділбек Мұқашев.

Сергей Пизиков жасырын мемлекеттік қызмет көрсетуді анықтау жайында сөз қозғады.

«Мемлекеттік қызмет көрсетуді реформалау жүйесінің өзін қайта қарастыру керек. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тек еріншектер өзгертпейді. жасырын мемлекеттік қызмет көрсетудің болуы қандай бағыттарға иекемдеуге болатыны жайында мүмкіндік болатын «дара» тіл табу. Ағылшын тілді мемлекеттерде мемлекеттік қызмет көрсету өрт сөндіру бригадалары, полиция және медицина болып табылады. Бұл маңызды болғанымен анықтаманы алу енді екі апта емес екі күн уақыт алады. Бұл арада анықтаманың қажет бар ма деген сұрақ туады», – деді Ақпараттық қордың төрағасы.

Ақпараттық қордың ұсынысымен нормативтік базаны жетілдіру, құқықтық коллизияны жою, үлгілер мен уақыт тәртібін үйлестіру қажет. Процесстердің алатын уақытын және қажет құжаттар тізімін қыстарту қолға алынуы тиіс.

«Мемлекеттік қызмет көрсетудің жартысына дейін дерлігі рұқсат берумен байланысты. Рұқсат беру реформасының мән-мағынасы орасан зор. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі бағыттар: мемлекеттік қызмет көрсету реестірін, талаптарын оңтайландыру, мемлекеттік қызмет көрсету автоматизациялау және «бір терезе» ұстанымын қолдану арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласының тиімділігін арттыру. Рұқсат беру жүйесінде халықаралық тәжірибеге сүйене рұқсат беру тізімін оңтайландыру қажет», – деді «PROFI-T» Халықаралық агенттіктің президенті Гүлдар Құрбаебаева.​

Конференцияға қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытын қысқартып, жұмысты оңтайландыруда электрондық форматқа көшу өте тиімді екендігін атап өтті.

Қосымша ақпарат үшін:

Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы өңірде құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ қоғамдық және жекеменшік ресурстарды жұмылдырып, азаматтарға жергілікті қауымдастықтарды басқару мен экономикалық және азаматтық әл-ауқатты жоғарылату белсенді қатысу арқылы болашағын құруға мүмкіндік береді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер