«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қатар астанасында Қазақстанның экспорттық әлеуеті таныстырылды

2017 жылғы 21 Желтоқсан
5748 просмотров

14 желтоқсанда Дохада Қатар-Қазақстан инвестициялық бизнес-форумы өтті

Қазқастан тарапынан Қатардағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырса, екінші тарапта Қатардың Сауда-өнеркәсіп палатасы қолдады.

Бизнес-форум аясында ҚР Инвестициялар және вице-министрі бастаған қазақстандық делегация Қазақстанның инвестициялық жобаларын таныстырды. Сонымен қатар көпшілік назарына отандық өнім экспортының әлеуеті ұсынылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдері де бар. Себебі Қатарда тамақ өнімінің 90% шет елден жеткізіледі.

Сонымен қатар «Қатарда жасалған» көрмесіне қатысты. Бұл көрме Қатар Эмирінің басшылығымен өткізілді.

Көрме кезінде Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Қатар Сауда-өнеркәсіппалатасы арасында Қазақста мен Қатар арасында Іскерлік кеңес құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл Іскерлік кеңес екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды мақсат тұтады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер