«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәселесі шешілген құс фабрикасы

2017 жылғы 15 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
5096 просмотров

Маңғыстау облысында жұмыс істеп жатқан «Тұман-Шах» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғысын жеткізді.

Құс фабрикасы әдетте жұмыртқаны инкубаторлық жолмен басып, құсты механикаландырылған және автоматтандырылған өндірістік технология бойынша өсіретін орын. «Тұман-Шах» ЖШС Маңғыстау облысында құс өндірісімен айналысатын жалғыз кәсіпорын. Бүгінде фабрикада 40 000 астам тауық бар.

«Кәсіпкерлер палатасына жүгінген арызында тауық жұмыртқаларын өткізетін сауда нүктесін ашуға жәрдемдесу туарлы өтініш білдіргенмін. Бұл мәселені шешу мақсатында Палатаның заңгерлері жергілікті Әкімшілік қызметкерлерімен келіссөздер жүргізіп, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Нәтижесінде мобильді павильон орналастыруға жер телімі берілді», – деді кәсіпорын басшысы Р. Бұрбасов.

Кәсіпорын берген екінші өтінім де Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің араласуымен тиянақталып, оң шешімін тапты. Құс фабрикасының «ҚазТрансГазАймақ» АҚ МӨФ мекеме алдындағы қарызын уақытылы өтелмеуіне байланысты қиып тасталған газ құбырын қалпына келтіріп,құс фабрикасындағы жылу жүйесінің қосылуына мүмкіндік жасады. Ұлттық палата суық мезгілде құстардың қырылуына жол бермей, кәсіпкерліктің дамуына атсалысты.  

«Осы айтылған жағдайларды баяндай отырып кәсіпкер ретінде өз атымнан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығына уақытында берілген көмек үшін алғыс білдіремін», – деді Р. Бұрбасов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер