Әлеуметтік әріптестік саласында келісім жасалды
13 желтоқсан күні «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитеті мен «Химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік әріптестік бойынша салалық келісім жасалды
Салылық келісімге ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің Талғат Доскенов, «Химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керімқұл Пірімқұлұлы қол қойды.
Бүгінде әлеуметтік әріптестік – өндіріс үдерісіне қатысушылардың мүддесін үйлестіру мақсатындағы институттар мен механизмдер жүйесі болып табылады.
Әлеуметтік серіктестік дегеніміз өндіріс процесіне қатысушылардың мүдделерін үйлестіру үшін мекемелер мен механизмдер жүйесі. Қызметкерлер мен жұмыс берушілер тең ынтымақтастық негізінде. Әлеуметтік серіктестіктің әртүрлі нысандарында дамуы процестің маңызды бөлігі болып табылады.
Салалық келісімде:
- жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің тиімді механизмін қалыптастыру;
- тараптардың мүдделерін объективті ескере отырып сала кәсіпорындарындағы әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және еңбек дауларының алдын алу және олардың бейбіт түрде шешілуіне ықпал ету мәселелері жүйеленген.
«Осы Салалық келісім химия саласы кәсіпорындарының Ұжымдық шарттар әзірлеуіне негіз болып табылатынын ескерер болсақ, қол қойылған Салалық келісім 20 мыңнан астам химия саласының жұмыскерлерінің әлеуметтік және еңбек құқығын қорғау мақсатында әлеуметтік әріптестіктің арқасында қол жеткен жүйелі еңбек нәтижесі», – деді Керімқұл Пірімқұлұлы.
Химия саласында еңбек етуші Еңбек адамдарының құқығын қорғау және оларға лайықты әлеуметтік жағдай жасау біздің кәсіподақтың негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады.
«Сондықтан әлеуметтік әріптестікті басты құрал ретінде қолдана отырып, Салалық кәсіподаққа енетін бастауыш кәсіподақ ұйымдарын Ұжымдық шарт жасау және оны қабылдау барысында қолданатын қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету үшін біз Салалық келісім негізінде жұмыс берушілер мен мемлекеттік орган арасында сапалы келіссөздер жүргізу нәтижесінде басты құжат Салалық келісімге қол қоюды дер кезінде қамтамасыз етіп отырмыз», - деді Салалық кәсіподақтың төрағасы Керімқұл Пірімқұлұлы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: