Қайрат Мәми: «Атамекен» – кәсіпкерлікпен айналысудың бірыңғай координаторы»
Жол картасында республиканың барлық кәсіпкерлеріне сот құқығын қорғауды қамтамасыз ету көзделген
Бүгін «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» атты форумда ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Мемлекет басшысының саясатын орындауда түбегейлі негіздің бірі тиісті институционалдық орта мен заңның үстемдігі екенін атап өтті.
«Бұл тиісті құқықтық қорғау мен меншік кепілінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Осы тұста «Атамекен» ҚР ҰКП мен сот жүйесі ынтымақтастығының қалыптасқан негізі жатыр», – деді Жоғары Сот Төрағасы.
Қайрат Мәми жоспарланған жұмыстың негізгі басымдықтарына қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ, сот ақпаратына барынша қол жеткізу және тиімді коммуникацияларын, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы жақсарту бар.
«Елбасы кәсіпкерлерді қолдауға ерекше назар аударып келеді. Өйткені кәсіпкерлік ел экономикасы дамуының тірегі. Ал «Атамекен» кәсіпкерлікпен айналысудың бірыңғай координаторы», – деді Жоғарғы Сот Төрағасы –Соттар ашықтық саясатын ұстана отырып, маңызды қоғамдық мүддені көздейтін барлық беделді ұйымдармен конструктивті диалог құруға дайын. Осындай беделді ұйым – «Атамекен», – деді Қайрат Мәми.
Бүгін екі тарап бірлесіп атқаратын жұмыс жоспарн таныстырды. «Атамекен» ҰКП мен Жоғарғы Сот өзара келісімді жүзеге асырудың Жол картасын әзірлей отырып, республиканың барлық кәсіпкерлеріне сот құқығын қорғауды қамтамасыз ету көзделген.
«Енді сот істерін тек әділ және жылдам шешу жеткіліксіз болды. Қоғам әділ сот шынымен орындалатын, кез келген қылмыс үшін жаза қолданылатынын, ал жазықсыз адам ақталатынын көріп, түсінуі керек», – Жоғарғы Сот басшысы.
Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша халықтың сотқа деген сенімділігі артуы керек.
«Қоғам сот жұмысын көруі керек. Ол үшін халықпен тиімді жұмыс істеп, сот жұмысымен таныстыру қажет. Бүгінде Қазақстанның сот жүйесі ашық болып саналады. Біз бизнес-қоғамдастық тарапынан да сенімділікті арттыруға күш салмақпыз. Кәсіпкерлікпен арақатынасты жаңа деңгейге шығаруымыз қажет. Сот заң негізінде жедел әрі әділ шешілу керек», – деді Қайрат Мәми.
Форум барысында ҚР Жоғарғы Соты мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылға арналған өзара іс-шаралар жүзеге асырудың «Жол картасын» бекітті. Құжатқа Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов қол қойды.
Жол картасы аясында соттарда сот төрелігінің негізгі принциптері: бәсекелестік және тараптардың теңдігін сақтау мәселесі сараптамалық талдаудан өтеді. ҚР Жоғары Соты «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп, бизнес-қоғамдастық тарапынан соттарға сенімділік қоғамдық өлшемін жүргізеді. Сонымен қатар бизнестегі қарым-қатынастардың құқықтық мәдениетін жақсарту бойынша шаралар қабылдау көзделген. Атап айтқанда келісімдерді құқықтық сүйемелдеу, шарттық міндеттемелердің орындалуына қол сұғылмауын қамтамасыз ету, сондай-ақ дауларды сотқа дейінгі реттеуді қолдану күшейтіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: