«Атамекен» өсімдік шаруашылығында ерікті сақтандыруды енгізуді ұсынды
Бұл бастаманы Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов хабарлады
ҚР Үкіметінің отырысында сөз сөйлеген Басқарма Төрағасы өсімдік шаруашылығындағы қолданылатын жүйе тәжірибелік пайдалану жағынан тиімсіз болғанын атап өтті.
«Сақтандыру төлемін алу және сақтандыру жағдайын растау процедурасы соншалықты қиын, кейбір шаруалар сақтандыру төлемін алу үшін жүгінбейді де. Сақтандыру тарифтері ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өңірлерге байланысты нақты қауіпті есепке алмайды. Мұндай жағдайда шаруалардың сақтандыру жүйесіне қатысып, оның тәуекеліне сай емес соманы алғаннан, айыппұл төлегендері оңай», - деп хабарлады Абылай Мырзахметов.
Ұсынылып отырған Заң жобасы аясында өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды электронды форматқа өткізу қарастырылған. Ұлттық палата бұл нормаларды қолдайды. Жүйе өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен біріктіріледі деп күтіледі.
«Мұнымен қоса біз 10 мыңнан аса шаруалар арасында сауалнама жүргіздік және олардың көбі өсімдік шаруашылығындағы ерікті сақтандыру механизмін қолдады. Шаруалардың басындағы мәселені шешу үшін алдағы 5 жыл ішінде енгізу керек деп сепетейміз», - деді Абылай Мырзахметов.
Сонымен қатар «Атамекен» Өзара сақтандыру қоғамдастығына қойылатын талаптарды күшейтпеуді немесе олар үшін өтпелі кезең беруді ұсынды, себебі нарықтың 90% сақтандыру процедурасын тікелей осы қоғамдастық арқылы жүргізеді. Жалпы Ұлттық палата ауыл шаруашылығында сақтандыру нарығын жақсартуға мүмкіндік беретін ҚР Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру мәселесі бойынша заң жобасын қолдайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: