«Атамекен» мен Жоғарғы Сот кәсіпкерлердің қарым-қатынасындағы құқықтық мәдениетті жоғарылатуға бағытталған жұмыс жүргізеді
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысы Нұрсерік Шарипов 2018 жылға бірлескен жұмыстың Жол картасына қол қойды
Жол картасы аясында сотта тараптардың бәсекеге қабілетті және тепе-теңдік сынды негізгі әділет принциптерінің қолдануы мәселесі бойынша мамандық сараптама жасалады. «Атамекен» ҚР ҰКП пен Жоғарғы Сот бірлесе бизнес-қоғамдастық тарапынан сенімдік көрсеткіштері анықталмақ.
Сонымен қатар, бизнестегі құқықтық қарым-қатынас көрсеткіштерін жоғарылатуға бағытталған шаралар жасалу жоспарда. Әсіресе, келісімдерді құқықтық тәртіп бойынша жасау, келісім шарттарының орындалуын қамтамасыз ету, даулы мәселелерді сотқа дейін шешу сынды мәселелер қарастырылатын болады.
Жол картасына бірлескен «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» Форумында қол қойылған болатын. Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің айтуынша Елбасының саясатын жүзеге асырудың негізі заңның ұлықтылық режимі мен сәйкес келетін институционалдық орта болуы қажет.
«Бұл құқықтық қорғау мен жекеменшік кепілдігінсіз мүмкін емес. «Атамекен» мен сот жүйесінің бірлесе жұмыс жасау негізі осы болмақ», – деді Қайрат Мәми.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: