«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекеннің» ШОБ дамуына қосқан үлесін атап өтті

2017 жылғы 06 Желтоқсан
17390 просмотров

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы лауреаттарын салтанатты марапаттауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» ҚР ҰКП жұмысы жайында пікірін білдірді

 ҚР Президенті Қазақстандық тауарларды нақты экспортқа бағыттау жолында жұмыс істеу керек деп санайды.

«Бұл міндетті іске асыру үшін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған болатын, компания бизнес-ортаны жақсартуды қолға алып отыр», – деп Мемлекет басшысы Ұлттық палата қойылған міндетті орындап отырғанын тілге тиек етті.

«Бүгінде шағын және орта бизнесте 3 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Экономиканың шағын және орта секторы 27%-ды құрайды. Стратегиялық межелер екі еленуі тиіс, осы бағытта біз алға қарай ұмтылып келеміз. Бізге «Атамекен» жұмысы көмектесуде. Олар ауыл мен қаладағы, аудандардағы қарапайым адамдарға кәсіпкерлікпен айналасуды үйретеді. Егер дамыған мемлекеттердегідей, шағын және орта бизнес тауарлардың 50%-ын өндірсе, онда еліміздің дамуы айтарлықтай жақсарады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер