«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысы басталды

2017 жылғы 29 Қараша
4635 просмотров

Іс-шара ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтуде

 Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов қатысады. Сонымен қатар ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігі, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысып жатыр.

Күн тәртібіне «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының 2017 жылдың жұмыс есебі, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша атқарылған жұмыс есебі, сондай-ақ 2018 жылға арналған жұмыс жоспары мен бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасын дайындау мәселесі қойылған. 

Атап айтқанда, Төралқаның кеңейтілген отырысында «Атамекеннің» заңнамаларды оңтайландыру,  мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, кәсіперлерді қаржылай емес қолдау, адами капиталды дамыту бойынша жұмысына қорытынды жасалды.  Сонымен қатар кәсіпкерлік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа құралдар ұсынылды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер