«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР теңіз саласындағы даулы мәселелері мен келешегі

2017 жылғы 27 Қараша
5514 просмотров

Соңғы жылдар аралығында отандық компаниялар жаңа флотпен толығып, даму жолында белгілі бір көрсеткіштерге жетті

27 қараша «Атамекен» алаңында  Ұлттық палата Президиумыны Логистика және тасымалдау комитетінің Су жолы көлігі қосалқы комитетінің отырысы өтті. Іс-шараға қосалқы комитет төрағасы, ҚР Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастық директоры Николай Юдин, «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департамент директоры – басқарушы директоры Рустан Дженалинов, «Kazlogistics» тасымалдаушылар одағы бас директоры Қанат Әлмағанбетов, мемлекеттік органдар өкілдері, салалық ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтар қатысты.

Николай Юдин отырысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, жиын барысында қозғалатын мәселер тізімімен таныстырды. ҚР «Теңізде жасалатын сауда» заңында Каспий теңізінде филиалдары арқылы қызметін атқаратын ҚР мемлекеттік туы астында шетелдік кемелердің жүзу құқығы жайында 11 бабына өзгерістер енгізу, су жолы көлігі саласындағы сапалық және кәсіби стандарттарын салалық негізде реттеу, Ақтау/Құрық теңіз порттары арқылы мұнай немесе басқа жүк түрлерін тасыалдау көлемдері, қазақстандық сауда кемелерін басымдылық толтырумен қамтамасыз ету мәселелері талқыға салынды.

«Соңғы жылдар аралығында отандық компаниялар жаңа флотпен толығып, даму жолында белгілі бір көрсеткіштерге жетті. Алайда, ұлттық флоттың ел ішіндегі нарықта қызмет көрсету мүмкіндігін алуы қиындап, кемелердің көпшілігі тұрып қалу себебі аталған 11 баптағы кедергілері», – деді Николай Юдин.

2010 жылы 28 желтоқсаннан шыққан «Көлік мәселелеріне байланысты ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу» ҚР Заңына сәйкес ҚР «Теңізде жасалатын сауда» заңын 11 бабының 3-1 тармақтарына түзетулер енгізіліп, 11 бап 5 тармақпен толықтырылды:

11 бап. Кемелердің ұлты.  Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының астында жүзу құқығы.

5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының астында жүзу құқығын уәкілетті орган шешімі негізінде,кемелерді мемлекеттік тіркеу Ережелері аясында бербоут-чартер бойынша қолдануға ұсынылған шетел мемлекетінің кемесі кемелер тізімінде тіркелген мыналарға берілуі мүмкін:

  1. қазақстандық кеме жалдау;
  2. азық-түлік бөлімінің (агенттер, операторлар, компаниялар) келісіміне сәйкес Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар, сонымен қатар ҚР мемлекеттік туының астында жүзу құқығының ерекшеліктері Мемлекеттік кемелерді тіркеу ережелері анықтайды.

Теңіз саласының кәсіпкерлері мен кеме иеленушілер қауымдастығының президенті Раиса Адамова аталған мәселенің маңыздылығына тоқталды.

«Қауымдастық 11 бапқа өзгерістер енгізуге қарсы. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында аталған бапты мүлдем алып тастау мәселесі қарастырылғандығын айтып өткен жөн. Тек сәуір айында Қауымдастық бапты мүлдем алып тастау емес, кемшіліктеріне байланысты өзгерістер енгізуді түсіндірді.Каспий теңізіндегі бәсекелестікке ешқандай қауіп жоқ. Ақпарат қолымызда. Конвенцияға кедергісін келтірмейді де әсерін тигізбейді. Шетелдік кеме иеленушілер алдындағы Қазақстан мемлекетінің міндеттері мен ішкі операциялар қайда екендігін түсіну қажет. Бірде бір мемлекет араласпауы керек. Инфрақұрылыс мәселесі де маңызды. Каспийде 300-ден астам кеме жұмыс жасайды», – деп мәлімдеді Раиса Адамова.

Өнімді бөлу келісімі (ӨБК) дегеніміз инвестор мен мемлекет арасында коммерциялық келісімшарт. ӨБК сәйкес, мемлекет инвесторға жер қойнауын өңдеу үшін арнайы құқық беріп, инвестор өз кезегінде мұндай өңдеу жұмыстарын жүргізу барысы мен болуы мүмкін қайуіп-қатерді өз жауапкершілігіне алады.

«ӨБК бойынша шетелдің кемелері қазақстанның мемлекеттік туы атынан жүзетіні барлығына белгілі. Егер аталған кемелер бізде жүзетінін анықтап алсақ, ешқандай түсініспеушіліктер болмайды. Келіспеушіліктер болған жағдайда да мәмілеге келу жолын іздеу қажет.Заңнаманы қайта өзгертудің қажеті жоқ, ішкі құқықтық нормативтік актілерді іздеу керек», – деп өз ойымен бөлісті «Каспиан Оффшор Контракшн» компаниясының өкілі Александр Бураков.

«НМСК «Казмортрансфлот» ЖШС Бас директордың орынбасары Алтынай Уәлиеваның айтуынша биылғы жылы келісімге қол қойылады.

«2019-2020 жылы өзгертулер енгізуге мүмкіндік болады. Мәселені жауып қоюға болмайды себебі өзгеріс енгізу әсерінен 2-3 жыл ішінде аталған бап аясында жұмыс жасайтын кемелерге сұраныс болмайды. ҚР Инвестиция және даму министрлігіне реттеуші ықпал ету сараптамасын жүргізуді тапсыруды ұсынамыз», – деп мәлімдеді Алтынай Уәлиева.

«OMS SHIPPING» ЖШС Бас директоры Сергей Ворожейкин ЕЭО (Еуразия экономикалық одағы) Келісімі аясында кеме қатынасы жобасы Келісімі жобасын талқылау барысында Ресей ішкі су жолдары арқылы кемелердің транзиттік жүзуіне шектеу қоюдың себептерінің бірі ҚР «Теңізде жасалатын сауда» заңын 11 бабының өзгерістері болды.

Қорытындылай, Су жолы көлігі қосалқы комитеті мүшелері ҚР Үкіметі мен мемлекеттік органдар тарапынан ұлттық флот пен жалпы саланы дамыту мен қолдау қажеттілік ұстанымын айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер