«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтаулық кәсіпкерлерге құқықтық ақпараттық көмек көрсетілді

2014 жылғы 28 Наурыз
3525 просмотров

Еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдерінің еркін еңбектенуі үшін Президент Жарлығымен 2 сәуірден бастап, келер жылдың 1 қаңтарына дейін кәсіпкерлерді тексеру шаралары тоқтатылмақ. Осыған орай, Ақтауда «Шенеунік және кәсіпкер» шарасы өтіп, құқықтық ақпараттық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Хабар

Үш ай бұрын ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында құқықтық есеп комитеті, салық органы, төтенше жағдай қызметі мен тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің қызметкерлері бизнес өкілдерінің сан түрлі сауалдарына жауап берді. 

Кәсіпкерлерді негізінен құзырлы орган тарапынан болатын тексерулер қызықтырған. Прокурорлар мұндай маңызды ашық диалогтар, енді ай сайын ұйымдастырылып тұратынын айтты.

Талғат Әлібаев, Ақтау қаласының прокуроры:
- Кәсіпкерлердің қойған сауалдары ол, «Жаңа мораторий қай субъектіге қатысты болады? Қандай сұрақтармен болады? Арыз иелері мүмкін арыз жазса кәсіпкерлердің үстінен, оны тексерудің тәртібі қандай болады?». Осыған байланысты толыққанды ақпарат алды. Мынау Елбасының бекіткен Жарлығына байланысты, тексеру шараларының болмауына байланысты арыз иесі егер арызданса, ол тек қана орталық атқарушы органның бірінші басшысының рұқсатымен және Бас прокуратураның келісімімен жасалатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер