«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық палата Қазақстанда таңбалауды бастайтын күнді хабарлады

2017 жылғы 23 Қараша
4837 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, 21 қарашада ұлттық палата алаңында тері бұйымдарын бақылау (сәйкестендіретін) белгілерімен таңбалау бойынша пилоттық жоба таныстырылған түсіндірме семинарын өткізді

Аталған іс шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі Дана Жүніса мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақовтың жетекшілік етті.

Семинарға ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, GS1 қауымдастығы, Екінші деңгейлі эмитент (бақылау сәйкестендіру белгісін дербестендіру), жүйені жасаушылар мен бизнес-қауымдастық қатысты.

Іс-шара барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Дана Жүнісова елімізде тері бұйымдарын таңбалауды енгізу процесі ұзаққа созылғанын, алайда бүгінгі таңда барлық қатысушылары анықталып, бастауға  қажетті дайындық деңгейіне жеткенін атап өтті.

«Ұлттық палата Қазақстанда таңбалауды енгізуді ұйымдастыру және отандық бизнесті ақпараттандыру мәселесінде өзіне алған міндеттердің барлығын орындады», – деп хабарлады Дана Жүнісова.

Еске салсақ, 3 қарашада «Атамекен» Екінші деңгейлі эмитентті анықтау байқауын өткізіп, қатысушылардың берген баға ұсыныстарын ескере отырып шығарылған қорытынды бойынша «ISKER AKPARAT» ЖШС жеңімпаз атанған еді (Астана қаласы, Тәшенов көшесі, 27, 411-кеңсе, тел. +7 7172 45 67 87, info@akparat.kz).

Мұнымен қоса, өткен аптада Ұлттық палата алдағы өтетін таңбалау процесінің барлық қатысушылары – «Таңбалау» ақпараттық жүйесінің иелері мен операторы, ҚР Банкнот фабрикасы, Екінші деңгейлі эмитент,  GS1 қауымдастығын шақырып, бірқатар жиын өткізді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінен таңбалау іс-шарасын бастауға, оны жүзеге асыратын жауаптылар мен картаның әрбір тармағының мерзімін бекітуге қажетті ортақ іс-шаралар жоспары дайындалды.

Ұлттық палата атқаратын жұмыс, ең алдымен қатысушылардың тері бұйымдарын таңбалауды бастаудағы әрекетін отандық кәсіпкерлерге барынша ауыртпалықсыз етіп үйлестіруге бағытталған. Кәсіпкерлердің бақылау белгілерін дербестендіру қызметі бойынша Екінші деңгейлі эмитентпен жасайтын типтік келісімшарты таяу уақытта www.atameken.kz сайтында жарияланады. Бұл отандық бизнестің алдын ала танысуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ұлттық палатаның Басқарма мүшесі Дана Жүнісова

Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП тері бұйымдарын таңбалауға, оның ішінде құқықтық база мен аталған жұмыстың Қазақстан аумағындағы мерзіміне қатысты барлық сауал бойынша тұрақты түрде кеңес береді.

«Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалаудың пилоттық жобасын биыл 27 қарашада бастау жоспарланған. Елімізде таңбалау жобасы алғаш рет енгізіліп отырғанын ескерсек, белгілі бір жаңалыстар орын алуы мүмкін, олар жедел түрде қалпына келтіріледі, сондай-ақ жобаның жүзеге асырылу барысына әрдайым мониторинг жасалады», – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаменті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаменті отандық кәсіпкерлерді барынша ақпараттандыру мақсатында және Қазақстанда аталған процедураны бастаудың тиімділігі үшін Тері бұйымдарын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру ережесінің толық редакциясымен танысу қажет деп есептейді, сілтеме арқылы мәтінін оқуға болады.

Тері бұйымдарын таңбалағанда кәсіпкерлер бірнеше кезеңнен өтеді:

1. GS1 Kazakhstan қауымдастығында тіркелу;

2. Тауарларды GS1 жүйесіне қосу және GTIN нөмірін алу;

3. http://markirovka.nitec.kz/ сайтында таңбалаудың ақпараттық жүйесіне тіркелу, таңбалау жүйесі бойынша қажетті кеңесті 1414 нөміріне хабарласып алуға болады (ары қарай – Таңбалау АЖ);

4. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін дербестендіруді жүзеге асыратын Екінші деңгейлі эмитентпен келісімшарт жасау («ISKER AKPARAT» ЖШС, Астана қ., Тәшенов көшесі, 27, 411-кеңсе, тел. +7 7172 45 67 87,info@akparat.kz);

5. Таңбалау АЖ бақылау белгісін дербестендіруге өтінім беру;

6. Дербес бақылау белгілерін алу;

7. Бақылау белгілерін тері бұйымдарына қою.

Кәсіпкерлер тері бұйымдарын, оның ішінде тері бұйымдарын көтерме сатушылардан соңғы өткізушілерге дейін қайта сатқанда да бақылау белгілерін енгізгенен кейін ғана сатылымға шығара алатынын еске саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер