Қазақстанның машина жасау саласына көңіл бөлу қажет
Машина жасауды дамыту бағдарламасы саладағы даулы мәселелерді шешетін болады
«Атамекен» ҚР ҰКП Машина жасау мен металл өңдеу комитетінің отырысы барысында Қазақстанның машина жасау саласын дамыту мәселесі талқыға салынды.
Комитеттің мүшелері бірінші кезекте шетелдік және отандық тауар өндірушіге ҚҚС салығы салынбайтын импортталатын тауар тізімінен жүк тасымалдайтын теміржол жартылай вагондарын, платформаларын және ауыл шаруашылық техникасын алып тастау арқылы тепе-тең жағдай жасау қажеттігін айтты.
Жүк тасымалдайтын вагондар шығарушы отандық кәсіпорындар өкілдерінің айтуынша («КВК» ЖШС, «ЗИКСТО» ЖШС) қазақстандық зауыттардың жалпы жобалық қуаты жылына 5500 вагон шығаруға мүмкіндік береді. Тұрақсыз ішкі сұраныстың (тым көп ауқымдағы сұраныстан мезгілдік дефицитке дейін) әсерінен жылдық вагон шығару көрсеткіші 300 ден 2000 аралығында ауысып тұрады. Жылдық импорт көрсеткіші 250 вагон болса, соңғы 4 жыл көлеміндегі импорт 1000 вагон болды.
Тау-кен өндірісінің өкілдері мен вагон операторлары Комитет мүшелерінің вагондардың жетіспеушілігі жинау жұмыстары мен жылыту маусымында ерекше байқалатындығымен қатар ресейлік вагондарды жеткізу қолайлы шарттарымен ерекшеленетіндігін (баға, жасалу уақыты, алдын ала төлем жасау шарттары) және «импортталған» ҚҚС көлік тасымал қызметінің қымбаттауы арқылы вагон жетіспеушілік мүмкіндігінің артуы мен экономиканың экспорт әлеуетінің төмендеуіне назарын аудартты.
Елдос Рамазанов аталған мәселеге байланысты келіспеушіліктер жайында түсініктеме беру барысында кәсіпкерліктің басқа субъектілері мүдделерінің тепе-теңдігін ескере отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау Ұлттық палатаның басты ұстанымы екендігін айтты.
«Біз әрдайым отандық тауар өндірушілерді қолдаймыз. Бастысы процесс барысында соңында тауарды қолданатын тұтынушы зардап шекпеу тиіс. Ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында еліміздің вагон шығарушылардың шынайы мүмкіндіктерін ескеру, кәсіпкерліктің субъектілері мен жалпы ел экономикасы үшін шетелдік жүк тасымалдаушы вагондардан ҚҚС салығын алудың оң-терісін анықтау қажет», – деп сөз сөйледі «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов.
Қазақстанның машина құрылыс одағының атқарушы директоры Сергей Никитенко атап өткен машина жасауды дамыту бағдарламасын құру сала үшін маңызды мәселелердің бірі.
«Машина жасаушылардың V форумы нәтижесінде Үкіметке ұсыныстар тізімін дайындап, Премьер-министрдің бірінші орынбасарына машина жасауды дамытудың салалық бағдарламасын құру қажеттілігін ұсынамыз», – деді Мейрам Пшембаев.
Отырыс барысында Өңдеу өнеркәсібі департаменті Арман Мамбетаев жиынға қатысушыларды машина жасауды дамыту Жол картасымен таныстырды.
Қорытындылай келе Машина жасау мен мателл өңдеу комитетінің төраға орынбасары Павел Беклемишев Комитеттің келер жылға жұмыс жоспары мен құрамын жаңарту мәселелерін талқыға салуды ұсынды. Комитет саланы дамытуға байланысты күн тәртібіндегі мәселелерді талқыға салу мен мәселелерді анықтау барысында өңірлердің қатысуын жақсарту бағытында жұмыс жасау қажеттігін бекітті.
«Еліміздің кез келген өңірінде жақсы машина жасау кәсіпорындары, аталған жұмысты жүргізуге дайын көш алдындағы ұйымдар бар», – деп айтты Павел Беклемишев.
Елдос Рамазанов мұндай тәсіл Ұлттық палатаның өңірлік бизнес-қауымдастықтарды заңнамаларды талқылауға белсенді атсалысуға шақыру ұстанымымен сәйкес келетіндігіне назар аударды.
Еске салсақ, Комитеттің отырысына күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқыға салу мақсатында машина жасау кәсіпорындарын, тау-кен, көлік тасымалдау, ауыл шаруашылық саласының өкілдерін, мүдделі қауымдастықтарды, сонымен қатар, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ (заңды тұлғалар бірлестігі), «Тау-кен өндіруші және тау-металлургия кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ, «ҚазАгроМаш» АҚ, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қатысуымен өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: