Бүгінде бизнес-омбудсмен қызметін ҰКП атқарады - Ғ. Қасымов
Бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер құқығын қорғаудың уәкілетті институты ксәіпкерлерінің құқығы мен заңды мүддесін қорғауды жүйеге енгізу туралы мәселе қозғалды. Бұл туралы Кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің бесінші отырысы барысында ҚР Праламенті Сенатының өкілі Ғани Қасымов мәлімдеді.
«Біз кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілі аса маңызды процессуалдық мәретебеге ие болу керек деп есептейміз, оның ішінде сот тексерісіне дейін ведомствалық актілерді тоқтатуға және кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқықтары болуға тиіс. Бүгінде бизнес-омбудсменнің қызметін ҰКП атқарады, - деді Ғани Қасымов.
Оның айтуынша, бизнес-омбудсмен институтын енгізген жағдайда, оның, ҰКП және Кеңестің ықпалы күшейе түспек.
«Кәсіпкерлердің құқықтары бойынша уәкіл орган жедел түрде шешім қабылдап, кәсіпкерлердің құқы заңсыз бұзылған жағдайда тез іске араласа алады. ҰКП кәсіпкерлердің құқы бойынша уәкіл Ұлттық палата президиумымен 2 жылға бекітілуі керек», - деді ол.
«Сондай-ақ, уәкіл болып жасы 30 асқан, жоғары білімі бар, заңгер ретінде және адам құқығын қорғау саласында 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар азамат тағайындала алады. Омбудсменнің өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқталуы мүмкін. Бұл ҰКП президиумы немесе жоғарғы орган да болуы мүмкін. Кәсіпкерлердің құқы бойынша уәкілдер барлық облыста болуы тиіс», - деді Ғани Қасымов.
Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлік қызмет субъектілері құқықтарының атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары тарапынан сақталуын бақылауға тиісті. Онда болып жататын дау-дамайды күнделікті өмірімізде көріп жатамыз.
«Біздің ойымызша, тағы бір маңызды мәселе – бизнес-омбудсмен мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кәсіпкерлердің құқық қорғауға байланысты өз тарапынан ұсыныс айта алады», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 27 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдай туғызу жөніндегі түбегейлі шаралар туралы», - 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық тексерулер тоқтатылды. Бұл қадам бақылаушы органдардың бизнеске қысым жүргізуін азайту үшін жасалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық палата рөлін күшейтіп, кәсіпкерлік құқық жөніндегі уәкіл институтын құруды тапсырған болатын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: