Түркия Қазақстанға 5 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция салуға дайын
"Атамекен" ҚР ҰКП мен Түркия кәсіпкерлері арасында ынтамақтастық туралы хаттамаға қол қойылды
22 қараша күні «Атамекен» алаңында ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының төрайымы, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова және Түркияның Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясының Басқарма төрайымы Незакет Эмине Атасойдың екіжақты кездесуі өтті. Іс-шараға, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов, Астана өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Ғани Тасмағамбетов, қауымдастықтар және екі елдің бизнес өкілдері қатысты.
«Түркия мен Қазақстан арасындағы бұл байланыс Іскер Әйелдер кеңесінің биылғы жұмысының жемісі деп білемін. Незакет Эмине Атасой ханымға алғыс айтқым келеді. Қазақстанға қош келдіңіз. Екіжақты ынтмақтастық натижелі болады деген сенімдемін, өйткені әйелдер бастаған істі аяғына дейін жеткізеді. Бүгінде азиялық әйелдің мәртебесі өзгеріп келеді. Түркияның осындай ірі ұйымын әйел басқарып отырғанына тәнтімін», – деді Лаззат Рамазанова.
Незакет Эмина Атасой Қазақстан Республикасының елордасы Астанаға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Біз екі ел арасындағы сауда қатынастарды нығайту үшін келдік. Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы әленің 100-ден астам мемлекеттерінде жұмыс істейді. Өкілдіктеріміз Африка, Азия мемлекеттерінде ашылған. Жалпы конфедерация іскер ерлер мен іскер әйелдерден тұрады. Біз өнеркәсіп пен индустрияда ғана емес, экономиканың барлық салалры бойынша жұмыс істейміз», – деді Незакет Эмина Атасой.
Шара барысында Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы қызметі жайында толық ақпаратты Незакет Эмина Атасой толығырақ айтып берді. «Қазақстанға 5 млрд АҚШ долларын құрайтын сомаға кепілдік хатын алып келдім. Бұл қаражатты Қазақстан Үкіметі мемлекеттің ары қарай гүлденуіне жұмсайды деп сенеміз. Бұл қаражат бізге Парсы шығанағынан түседі. Біздің мақсатымыз екі ел арасындағы ипорт пен экспорт қатынастарды нығайтып, тауар тасымалында орын алатын кедендік тексерістерді жеңілдету», – деді Конфедерация төрайымы.
Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы Африканың 54 мемлекетімен, Парсы шығанағының 22 мемлекетімен байланыс орнатқан. Бұл мемлекеттер арасында жыл сайын Халықаралық форумдар өтеді, маңызды келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылады. Конфедерацияның бас кеңсесі Анкарада орналасқан. Қазақстан нарығы Түркия ұйымына Өзбекстан, Қырғызстан, Түркенімстан нарықтарына шығуға жол ашады. Енді Түркия тарапы 2018 жылдың алғашқы айларында Таяу Шығыс мемлекетері қатысуымен Қазақстан мен Туркия халықаралық форумын өткізбек.
Шара барысында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қаржы, медицина, туризм салаларындағы басымдықтарды айтты. «Екі ел арасындағы серіктестік өте берік. Қазақстанда түркиялық капиталдың көлемі айтарлықтай. Риксос желісі Қазақстанға келген алғашқы бес жұлдызды қонақ үйлер. Бүгінде Риксос қонақ үйлері 4 өңірде ашылған. Медицина саласында да ірі компаниялар жұмыс істейді, олар клиникалар мен фармацевтикалық зауыттар. Медициналық туризм да дамып келеді. Қазақстандық студенттер Түркияға барып, білім алуда. Туризм саласында Ұлттық палатаның туризм саласында тиімді 40 жоба тізбесі бар. Олар түкриялық инвесторларды қызықтырады деген сенімдемін. Инвесторлардың құқығын қорғауда ҰКП тиісті заңнаманы өзгертуде белсенді жұмыс атқарып жатыр. Кедергілер көп, мониторинг жүргіземіз, инвесторлардың барлық мәселелерін «Атамекен» алаңында шешуге жағдай жасаймыз», – деді Юлия Якупбаева.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова Незакет Эмина Атасой ханымға тиімді жұмыс істеу үшін Конфедерацияның Қазақстандағы өкілдігін ашуды ұсынды. Түркия тарапы жуық арада осы мәселені шешетіндерін жеткізді.
Екі мемлекеттің басшыларының тығыз байланысы арқылы Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс артып келеді. «Атамекен» ҚР ҰКП мен Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына атсалысады. Өйткені сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды тартуда мүдделер ортақ. Түркия тарапы Қазақстанға 5 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция салуға дайын. Аталған инвестициялық қаржы 1,5%-бен берілмек.
Аталған меморандум сауда қатынасында ақпарат тарату мен жариялымдар бойынша тәжірибе алмасу, экономикалық ынтымақтастыққа атсалысу, бизнес дамытуға бағытталған екіжақты іс-шараларды өткізуді көздейді.
Кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова мен «Атасойлар Престиж» Холдингінің Басқарма төрайымы Незакет Эмине Атасой өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: