«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге дүние жүзінде онлайн сауда жасау мүмкіндігі туды

2017 жылғы 20 Қараша
- Қызылорда облысы
4520 просмотров

Егер сіз – сауда компаниясы, дилер, тауар өндіруші, жеке кәсіпкер болсаңыз онда дүние жүзі бойынша онлайн сауда жасау мүмкіндігіңіз туып тұр

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен «Онлайнға шығып, дүниежүзінде сауда жаса» атты бизнес-семинарда «Zoodel» компаниясының сату жөніндегі директоры Азамат Мұхаммед айтты.

Азамат Мұхаммедтің айтуынша, 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа ZoodMall.kz В2С сауда алаңы іске қосылып, өндіруші компанияларға, дилерлерге, белгілі қазақстандық және дүниежүзілік сауда маркаларының өкілдеріне тауарларын тікелей ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық тұтынушылар мен бөлшек сауда нарығындағы шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер.

Биылғы жылдың 13 қарашасы мен 22 желтоқсаны аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қолдауымен Zoodel мен «Қазпошта» Қазақстанның он сегіз қаласында «Онлайнға шығып, дүниежүзінде сауда жаса» атты бірқатар білім беру бизнес-семинарларын өткізуде. Білім беру науқанының мақсаты - қазақстандық компанияларға өнімдерін ZoodMall.kz арқылы бүкіл әлемге сатуға көмектесу.

Семинарда ұйымдастырушылар ZoodMall.kz интернет-алаңдары арқылы заманауи сату құралдарымен таныстырды. Компанияның өкілдері «ол жерде жұмыс істеу өте оңай:алдымен тіркеліп, ZoodMall командасының растауын алу қажет.Одан кейін тауарларыңызды барлық ақпаратты (сипаттамасын, жеткізілім көлемін, бағасын, суретін, т.б.) көрсетіп, оны бүкіл дүниежүзінде және ел ішінде тұтынушыларға сата аласыз», - дейді.

ZoodMall.kz – сатушылар мен өндірушілерге ел ішінде сатуға және тауарларды ең ыңғайлы жолмен экспорттауға мүмкіндік беретін Zoodel мен «Қазпоштаның» бірлескен кешенді шешімі.  

Бұл сауда құралының ішіне:

– оқыту және электронды коммерция үшін арнайы шешім беру;

– ШОБ-ты Қазақстанның және одан тыс жердің сату тәсілдеріне үйрету;

– тауарларды ZoodMall.kz сайтына мобильді жасақтама арқылы салу;

– дүниежүзілік халықаралық В2С сауда алаңдары (eBay, Amazon, Lazada, Cdiscount, т.б.) арқылы ZoodMall сайтына салынған барлық тауарларды таныту.

Бұл күнделікті жүздеген миллион сатып алушыларға қазақстандық өндірушілердің тауарларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпарат алу үшін е-mail:kz@zoodmall.kz поштасына немесе 8 778 817 63 64 байланыс телефонына хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер