«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола шаруаларының темір жол тасымалының тарифіне көңілдері толмайды

2017 жылғы 20 Қараша
- Ақмола облысы
8944 просмотров

Жағдай түбегейлі өзгерді

Ақмола облысы кәсіпкерлік палатасы жылжымалы составпен қамтамасыз ету жағдайын бақылап отыр. Еске салсақ, қазан айында бидай өндірушілері мен ұн тартушылар дабыл қағып, өнім жөнелтетін вагон жетпейтінін айтқан еді.

Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыс арқылы іс алға басты.

Егер қазан айының соңында Атбасар ауданында бидай тасымалдайтын 42 вагон болса, тиісті шаралар қабылданып, екі апта өткен соң 300-ден аса бидай тасымалдайтын вагон мен 100 контейнер жеткізілді. Жалпы вагон саны 780 болды. Аталған мәліметтер Палата алаңында өткен жиында айтылды. Жиналысқа бірқатар ауданның ауыл шаруашылығы өндірушілері де қатысты.

«Вагон тұрақты жеткізіліп отыр. Бүгінде 436 вагонға тапсырыс түсті, 360 қамтамасыз етілді. «Астық Транс» АҚ иелігіндегі вагондар туралы айтып отырмын. Вагондардың қозғалысына қатаң бақылау жүргізіліп келеді. Қараша айының соңында бидай тасымалдайтындар 100% қамтамасыз етіледі», – деп хабарлады Атбасар бекетінің басшысы Сағат Қайнидинов.

«ҚТЖ–Жүк тасымалдау» АҚ Ақмола ауданындағы директоры Бақыт Шамиғанов атап өткендей, штаб жұмыс істеп отыр, ол барлығын бақылауда. Сонымен қатар Ақтауда тұралап қалған вагондар қазіргі таңда толықтай босатылды. Тек дәнді дақылдарды жөнелтушіден тікелей мекенжайға дейін жеткізу үшін «шаттл-пойыз» деп аталатын арнайы составтар ұйымдастырылды.

Алайда іс-шара барысында шаруалар тасымалдау тарифіне назар аударуды сұрады. Атлан Докаевтың айтуынга Сандықтау ауданының кәсіпкеріне тасымалдау тарифі аса жоғары. Оның айтуынша, күздік басында бір вагонды жөнелтудің бағасы 366 мың теңге болса, бүгінде 530 мың теңгеге дейін өскен. Мұндай жағдай егіншінің еңбегін жоққа шығарып жібереді. Оның үстіне Қазақстан темір жолы бағаны қымбаттатпаған.

«ҚТЖ Экспресс» АҚ солтүстік филиалы диреткорының міндетін атқарушы Қанат Жапаровтың айтуынша бұл жағдай өз қызметінің бағасын жоғарылатын отырған экспедиторлардың ісінен орын алған.

«ҚТЖ Экспресс» басқа тасымалдаушы секілді нарықтың қатысушылары. Алайда, экспедиторлардың әрекетінен баға жоғарылап отыр. Бізде баға әлдеқайда төмен. Сіздер жүкті жөнелту үшін несие беретін болғандықтан олардық қызметін пайдаланасыздар», – деді Қанат Жапаров.

Сондай-ақ «ҚТЖ Экспресс» АҚ-мен келісімшарт жасау арқылы, экспедиторлық компаниялардың қызметін пайдаланбай, қымбат бағадан қорғануға болатынын атап өтті.

Ақмол облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов айтқандай, тариф бағасы тек шілде айында көтерілген. Тасымалдаушылардың бидай жөнелтуге қойған шотын растайтын дерек ретінде келтіріп, осы мәселені республикалық деңгейде көтеруді ұсынды.

«Біз бұл мәселе Көкшетауда өткен алғашқы отырыста да айтылды. Біз бұл мәселені де республикалық деңгейде де көтеруге дайынбыз», – деді Қайрат Сұлтанов.

Жиын барысында республикалық мемлекеттік мекеменің Ақмола облыстық филиалы мен «Республикалық ветеринарлық зертхана» Атбасар ауданында өкілдік ашу туралы келісімге келді. ОСы айда ашылатын зертхана талдау жүргізуге бидай қабылдайды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері бұған дейін фитосанитарлық сертификат алу үшін бидайды облыс орталығына жеткізуге мәжбүр еді. Ал енді зертхана қызметкерлері атқарып, заңнамада бекітілген уақытта орындайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер