Бизнес аңшылық шаруашылық саласындағы мемлекет міндеттерін өз мойнына алуға дайын
«Атамекенде» аңшылық шаруашылықта субъектілердің қызметін өзін-өзі реттеу институттарын құру мәселесін талқыға салды
14 қарашада «Атамекен» алаңында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің атқаратын қызметін өзін-өзі реттеу ұйымдарына беру мәселесі жалпы талқыға салынды. Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама мен өзін-өзі реттеуді дамыту департаменті директоры – басқарушы директор Айжан Бижанова, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі өкілдері мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Айжан Бижанова жиынды ашу сөзінде іс-шара Ұлт жоспарының 97 қадамы аясында жүргізіліп жатырғандығын айтты.
«Біз нарықтың дайындығын сараптаудамыз. Мемлекеттік міндеттерді өз мойнына ала алатындай өзіне белгілі бір қызмет түрлері мен мүмкіндіктерді алу үшін кәсіпкерліктің субъектілерін барынша біріктіру басты мақсатымыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама мен өзін-өзі реттеуді дамыту департаменті директоры – басқарушы директор.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы комитетінің Жануарлар әлемі мен аңшылық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы Қуат Шұмақаевтың айтуынша Ауыл шаруашылық министрлігі қазіргі күні 7міндетін өзін-өзі реттеу ұйымдарына беруге дайын екендігін айтты.
«Өзімізге ала алатын 29 міндетті ұсынған болатынбыз. Алайда ҚР Ауыл шаруашылық министрілігінің Жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы комитетімен келісіп, алдымен бизнесқа қатысты 7 қызметті қадағалауға дайынбыз», – деді «Қансоңар» аңшылық шаруашылықтың субъектілері мен аңшылар қоғамдық бірлестігінің республикалық қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі бас директоры Александр Бербер.
Отырыс барысында аңшылық шаруашылықтың субъектілер қызметін өзін-өзі реттеу моделі ұсынылды.
«Өзін-өзі реттеу ұйымдарының негізгі 3 құзыреттілігі: өзін-өзі реттеу ұйымдарының ережелерін дайындау мен бекіту, ережелер мен негіздерді ұйымның қатысушыларының ұстануын қадағалау. Сонымен қатар, өзін-өзі реттеу ұйымдарының мүшелігінің шарттары, бекітілген ережелер мен негіздердің сақталуын қадағалау», – деді Айжан Бижанова.
Айжан Бижанованың айтуынша қосымша ұсыныстар талқыға салынып, сараптама жүргізу барысында ескеріледі.
Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов аңшылық шаруашылықты туристтерді тарту мақсатында дамы қажеттігін айтты. Ақмола облысында 125 аңшылық шаруашылық, 3 ұлттық парк және 1 қорық бар.
«Қансоңар» аңшылық шаруашылықтың субъектілері мен аңшылар қоғамдық бірлестігінің республикалық қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі бас директорының айтуынша аталған салада даулы мәселелер көп.
«Жабайы құстарды өсіру мен шетелдік аңшылық қазіргі уақыттағы болашағы зор салалар. Сертификаттарды жедел беру жүйесін реттеу қажет, себебі шетелдік аңшылар қаруды мәселесіне байланысты аңшылықпен айналыса алмауда», – деді Александр Бебер.
Өңірлердегі кәсіпкерлер квота берген уақыттағы баға мен ауланып алған аңның бағалары әртүрлі болатындықтан, бағаны тұрақтау мәселесіне байланысты сұрақтар қойды.
«Мұндай жағдайға көптеген факторлар әсер етеді. Біріңғай баға болуы мүмкін емес», – деді ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы комитетінің Жануарлар әлемі мен аңшылық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы.
Айжан Бижанова сөз соңында жоғарыда аталған мәселелерді шешуде нақты шешімдер қажеттігін айтты.
«ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінен жобаны алған соң, «Қансоңарға» кірмейтін аңшылықпен айналысатын шаруашылықтар танысу мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жібереміз. Осыдан соң өз ұсыныстарын қосу үшін жобаны «Қансоңарға»жібереміз. Концепцияның соңында өзін-өзі реттеу ұйымдары үшін жеке бөлім қарастырылған», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама мен өзін-өзі реттеуді дамыту департаменті директоры – басқарушы директор.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: