«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Жамбыл облыстық сот меморандумға қол қойды

2017 жылғы 13 Қараша
- Жамбыл облысы
3496 просмотров

Судьялар кәсіпкерлердің сенімді серіктесіне айналды

Тараз қаласында кәсіпкерлер палатасы мен Жамбыл облыстық соты өзара ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік Палатамен сот органдарының өзара іс-әрекетінің ашықтығын, принциптерін негізге ала отырып, сот жүйесінің көрсеткішін жақсартып, бизнесмендердің қатысуымен өтетін сот істерін қарауда кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған. 

Сондай-ақ, қос тарап шаруашылық субьектілерінің арасындағы дау (жанжалды) шешуде сотқа дейінгі және балама тәсілдерін қолдану арқылы  қарауда әдістемелік және құқықтық көмек ұйымдастыру және жүзеге асыру, сот жүйесінің қызметі туралы кәсіпкерлерді  ақпараттандыруды жетілдіру, Жамбыл облысы бойынша  аумақтық бизнес-қоғамдастық мүшелерімен бірлескен іс-шаралар өткізу (форумдар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және т.б.), сот төрелігін енгізу сынды іс-шаралар легін өткізуді жоспарлап отыр.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының

төрағасы Жомарт Рүстембековтың айтуынша, меморандум сотқа дейінгі және соттан тыс дау-таласты реттейтін институттардың дамуына ықпал етеді.

«Бүгінде сот органдарының жұмысы бизнес үшін ашық әрі қолжетімді болып келуде. Бұл ретте, сот жүйесін таза әрі бақылауда ұстайтын электрондық сот төрелігі деген жобаны айта кеткен жөн. Сот органдарымен ортақ жұмысымыз алдағы уақытта бизнесте орын алған жүйелік проблемалық сұрақтарды шешуге ықпал етеді деген сенімдеміз» - деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары Қайрат Сыдықов.

Кәсіпкерлер үшін сот Консультативтық Кеңестік орган, Кеңестер мен түрлі кездесулерден өткен соң барып өтінім білдіретін ең соңғы аялдама болуы тиіс. Сол себепті сотқа проблеманы шешу мүмкін емес болғанда ғана бару керек деп ойлаймын. Алдыңғы уақытта бизнес төңірегінде белең алған проблемалық сұрақтарды шешу үшін жиі кездесулер ұйымдастырып тұру керек – дейді Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот, облыстық және экономикалық соттарының судьялары және «Атамекен» ҰКП басқарма орынбасары Рустам Жүрсіновтың қатысуымен бейнеконференция арқылы байланысу кезінде судьялар корпоративті даулардың сотта шешілу мәселесін жарықтандырды.

Бұл ретте, Қайрат Сыдықов «корпоративтік дауларды шешу жолдары», осы бағытта Палатамен жүргізілген жұмыстар жайын тарқатты.

"Бүгінгі күні бизнес-қоғамдастықтың Кәсіпкерлер палатасына деген сенімі зор. Өйткені, бизнес былайша айтқанда соңғы сатыны көреді. Кәсіпкерліктің оппоненттері мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің өздері болып табылған кезде, проблемаларды шешуде Палатаның негізгі "қару-жарағы" «Атамекен» алаңында тараптар арасында келіссөздер өткізу ұйымдастыру болып табылады. Одан бөлек, барлық меншік нысанында ұйымдар арасындағы дауларды қарау мақсатында "Атамекен" ҰКП жанында ҚР ҰКП Арбитражды орталығы құрылған. Ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың өңірлік кәсіпкерлер палатасында, Атамекен Арбитражды орталығының қызметіне қолдау көрсететін өкілдері бар".

Басқосу барысында, өңір кәсіпкерлерлі судьялар мен Палата өкілдеріне сұрақтарын қоя алды.

"Қазтрансгаз Аймақ" АҚ және "ХимУниверСалЛТД Плюс" ЖШС өкілдері көпшілік алдында облыс соттарында корпоративтік даулар бойынша сот талқылауларына қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Еске салайық, Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының сапаршы мамандары жыл басынан бері бизнесмендердің қатысуымен  12 сот процесіне қатысты. Нәтижесінде, кәсіпкерлердің құны 2 млрд теңгеден астам мүддесі сақталды. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер