Табиғат пен көшпелі мәдениеттің бірлігі: Қазақстанның туристік саласы Ресейде
Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылған көрме өтті
Қазақстан делегациясы көпшілік назарына «Ұлы Жібек жолының жандануы», «Каспий қақпасы», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдениет аймағы», «Алтай маржаны», «Астана – Еуразия жүрегі», «Табиғат пен көшпелі мәдениет бірлігі» атты кластерлік жобаларды ұсынды.
Көрме барысында бірнеше келісімдерге қол қойылды, атап айтқанда: Челябинск облысы мәдениет министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасы арасында туризм саласы бойынша меморандум; Челябинск облысы мәдениет министрлігі мен Қостанай облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арасында меморандум; Алтай өңірінің сыртқы байланыс, туризм және курорт ісі жөніндегі басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының Туризм және сыртқы байланыс басқармасы арасында меморандум; РФ Пензен облысы Үкіметі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы экономикалық, техникалық және мәдіни ынтымақтастық жөніндегі Келісім.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: