Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына мониторинг жасайтын кеңес құруды ұсынды
«Нұр Отанда» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін жетілдіру мәселесі талқыланды
Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін жетілдіру мәселелері талқыланған отырысында баяндама жасады.
Сонымен қатар, депутаттар мен Кеңес мүшелерінің алдында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов, «Kazakhstan Project Preparation Fund» (Жобаларды дайындау қоры) ЖШС Басқарма төрағасы Әділ Өтембаев, депутат Берік Оспанов сөз сөйледі.
«Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы Бейбіт Мамраев жиын модераторы болды.
Юлия Якупбаева баяндамасында биыл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағытында бизнестің үш басты мәселесін шешу бойынша келіссөздер қарқынды жүргізілгенін атап өтті. Кәсіпкерлер ұзақ мерзімді тапсырыстың жоқтығы, МЖС жобаларын дайындау мен келісу процестерінің күрделілігі, сондай-ақ аяқталмаған инвесторлық тәуекел мәселелерін атап отыр.
Осы жылдың мамыр айында өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің берген тапсырмасын орындау нәтижесінде МЖС жобалары аясында 3 жылдан астам уақытқа мемлекеттік ұзақмерзімді тапсырысты және қазынашылық органдарында келісімшартты тиісті тіркеуді қарастыратын өзгертулер енгізілді.
«Енді кәсіпкер ертеңіне сенеді, оның қаржылық үлгісі әлдеқайда тұрақты болады. Жобаның қымбат тұжырымдамасы бизнес-жоспарға алмастырылды, кәсіпкерлер үшін МЖС жобаларын дайындау жеңілдейді. Түсінікті болу үшін айта кетейін, кәсіпкерлер үшін тұжырымдама дайындаудың бағасы 1 млн-нан 50 млн теңге аралығында еді. Сонай-ақ процедураны жеңілдетіту мақсатында бағдарламалық МЖС механизмі дайындалды. Кіші жобаларға типтік тәсіл МЖС саласында жұмыс істегісі келетін шағын компаниялардың бизнесі үшін жағдай жасайды», – деп атап өтті Басқарма Төрағасының орынбасары.
Мұнымен қоса, спикер бірқатар шешілмеген мәселені, атап айтқанда аяқталмаған инвесторлық тәуекел туралы ойын ортаға салды. МЖС жобасы аясында туриф бекіту мәселесіне назар аударды.
«Тариф құрылымында жеке серіктестің мойнына жүктелетін көптеген шығын бар. Мысалы амортизациялық шығындар, банк қарызының пайызы, құнды жабдық алуға кеткен шығын, кешенді жөндеуге жұмсалған қаражат, табыс нормасы және басқаларын атауға болады», – деп түсіндірді Юлия Якупбаева.
Мәселенің мәні мынада – мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар жағдайы теңсіз. Мемлекеттік кәсіпорын үшін қарыз қаражатының құны – 0,1%, ал жеке меншік үшін – нарықтық. Мемлекеттік мекеме ғимаратты жалға алу, кешенді жөндеу, қызметкерлердің біліктілігін көтеруді мемлекеттік қаржыландыруы есебінен алады, ал жеке меншік – өзінің қаражатынан жүргізеді. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттен кепілдендірілген тапсырыс пен жан басына қаржыландыру алады, ал жеке меншіктегі кәсіпорын мемлекеттік тапсырысты жыл сайын ұзартуға мәжбүр.
«Бұл бағытта біз ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім дәне ғылым министрліктерімен бірлесіп, құрылым мен жан басына қаржыландыру құрылымын жетілдіру жұмысын артқарып келеміз. Бірақ өкініштісі, қазіргі таңда бизнес ұсыныстарының барлығы бірдей ескерілмей отыр», – деп хабарлады Басқарма мүшесі.
Сонымен қатар түйткілдер қатарында валюта бағаның ауытқуы мен МЖС жобаларындағы кепілзат мәселелері айтылды: «Валюталық тәуекелді бөлу мәселесінде мүдделер теңгерімін сақтаған маңызды. Әрине, мемлекет түгелдей өзіне ала алмайды, сондықтан өтеуді 15% деңгейінде бекіту нормативін ұсынамыз.
МЖС жобалары бойынша кепілдік мәселесі бойынша Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктермен ұмыс атқарылу үстінде. МЖС келісімшарты бойынша төлемдер қатты кепілдік ретінде саналса, банктер МЖС жобаларын қаржыландыруға белсене қатысуға дайын және бұл ҚР Ұлттық банктің нормативтерімен және МЖС туралы заңнамамен реттеледі.
Мәселе мемлекеттің шығындарды өтеу механизмдері жекеменшік серіктестік шығынын қайтаруға жатқызылады, бірақ жеке меншік серіктестерге банк қаржысын қайтару механизмінің жоқтығынан туындап отыр.
«Бүгінде Кепілдендірілген тапсырыс туралы бюджет кодексіне өзгерту қабылдағаннан кейін осы мәселеге қайта оралуға және екінші деңгейлі банк салымшылары үшін орын алуы мүмкін тәуекелді есептей отырып пруденциялық реттеу нормаларын қайта қарау мүмкіндігі туды. Сонымен қатар әлемдік тәжірибеде жеке серіктесті ауыстыру механизмі қолданылады. Бүгінде Ұлттық банк мұны талқылауға дайын», – деді Юлия Якупбаева.
Баяндама соңында спикер МЖС жобалары бойынша статистиканы жасауға қатысты ұсыныс берді. Бұл статистика жобаларды сала бойынша, жүзеге асырулы формасына қарай жіктеуге мүмкіндік береді.
Республика бойынша жобаларды жүзеге асыруға кешенді баға беру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы МЖС жобалары бойынша мониторинг кеңесін құруды ұсынды. Кеңес құрамына депутаттар, бизнес-қоғамдастық, сарапшылар, уәкілетті органдар кіріп, өңірлерде көшпелі жиын өткізеді. Кеңес аясында нысандарға мониторинг жасап, МЖС жобаларының сәтті жүзеге асырылу тәжірибесін келешекте тарату үшін орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік пайда болады.
Жалпы алғанда айтылған ұсыныстар қолдау тапты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: