«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Іскери қатынастар» жобасы мен Басқару кадрларын дайындау бағдарламасы жүзеге асырылуда

2017 жылғы 09 Қараша
4127 просмотров

Конференцияға «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаменті директор орынбасары Мұхтар Мырзахметов, Орталық Азия Басқару кадрларын дайындау бағдарлама басшысы Леке Анжела, ҚР Герамания елшісінің тұрақсты орынбасары Йонатан Вайнберг және бизнес-қауымдастықтартың өкілдері болды.

«Қазіргі уақытта «Іскерлік қатынастар» жобасы аясында Германия мемлекетімен жұмыс жасап жатырмыз. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында биылғы жылы 163 млн.теңге бөлінген болатын. Қалған шығынды ГФР тарапынан «Giz» бағдарламасымен жұмыс жасап жатырған шетелдік әріптестеріміз өз мойнына алды», – деді Мұхтар Мырзахметов.

Еске салсақ, Бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасының 4-ші бағытын жүзеге асыру аясында «Бизнестің жол картасы 2020» «Іскерлік қатынастар» жобасын жүзеге асырды. 2016 жылдың Жарлығына сәйкес жобаның операторы «Атамекен» ҚР ҰКП болса, жобаны жүзеге асыратын уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі болып бекітілді.

«Бірінші бөлімінде іскерлік байланыс жүргізгісі келетін бизнесмендерді оқытып, екінші бөлімде өздері жасаған бизнес-жоспарды қорғаған соң шетелге, яғни, Германия мемлекетінің өздері таңдаған орындарына барып, обьектілермен жұмыс жасап, іскерлік байланыс орнатуға әрекет жасайды. Аталған жоба арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында анықталған экономиканың тиімді салаларында жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер оқу курсын өте алады. Биылғы жылға бірінші бөлім бойынша 555 кәсіпкер оқытылды. Жоспар бойынша келесі жылы жобаларын қорғап шыққан кәсіпкерлер ғана екінші бөлімге өтіп, шетелге жолдама алады. «Іскерлік қатынастар» сынды жобалар көмегімен өндірісті модернизациялау, басқару дағдыларын жоғарылату, шетелдік және отандық бизнесмендермен байланыс орнату арқылы еліміздің экономикасының өсуіне жақсы септігін тигізуіміз ықтимал», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму департаменті директор орынбасары.

Жобаға қатысу мүмкіндігін алу үшін төменде аталған талаптар орындалуы тиіс:

  • кәсіпорын шағын және орта кәсіпорындар қатарында болу қажет;
  •  экономиканың басым секторлар тізіміне енген кәсіпорын болуы керек;
  •  қатысушы кәсіпорын басшысының орынбасары лауазымынан төмен болмауы тиіс.

2017 жылы оқыту мамыр-қазан айлары аралығында өткізілді. Жалпы алғанда 2011 жылдан 2017 жыл аралығында оқытудың бірінші бөлім аясында 3898 азамат бизнес-тренингтен өтті.

2017 жылы Германия Федеративтік Республикасындағы тағылымдамадан 3 топ құрамында 43 қатысушы өтті. 286 кәсіпкер Германияда, 163 кәсіпкер АҚШ, яғни, жалпы алғанда 2011 жылдан 2017 жыл аралығында оқытудың тағылымдамасынан 449 азамат өтті.

Қазақстан-Германия және кері қайту бағытындағы ұшу шығындары мен оқыту барысындағы шетелде тұру шығындарын қатысушы өз мойнына алмайды.

Конференция барысында бизнес-қауымдастықтартың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, презентация арқылы жасалған жұмыстарының есептерін көрсетті.

Германияда тағылымдамадан өтуге жіберілетін қатысушылардың саны Германияның Экономика және энергетика федеральді министрлігінің Қазақстанға  бөлінетін квоталар көлеміне байланысты болатынын  айта кеткен жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер