«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда заңсыз өнім саны екі есе артты

2017 жылғы 07 Қараша
5456 просмотров

Шекара арқылы басқа елдерден келетін өнімді бақылауды күшейту қажет

«Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС Корпоративтік мәселелер бойынша департамент директоры Евгении Яновицкийдің айтуынша заңсыз темекі өнімдерінің саны артқандығы байқалады.

«Өнімнің қай аймақтан келетінін анықтау мақсатында сараптама жүргізу нәтижесінде қазіргі таңдағы тауардың негізгі бөлігі Қырғызстан аймағынан келетінгіді анықталды. Зерттеулердің көрсеткіштері бойынша заңсыз өнімдер жалпы нарықтың 0,7 пайызын құрайтындығы анықталды. Биылғы жылдың соңғы қорытынды нәтижелері болмағанымен, көрсеткіштер екі есе артқандығын болжап отырмыз», - деді Евгении Яновицкий.

Қазақстан аумағындағы жалпы көлемі 23 млрд.құрайтын заңсыз өнім көрсеткішінің ішіне бір жыл көлемінде 345 млн.темекі мен оның 7млн.қорабы құрайды.

«Толық алынбаған акциз алымын есептегенде, бұл көрсеткіш 870 млн.теңгені құрайды. ЕЭҚ аумағында қазіргі уақытта жасалу қажет кеден бақылауы орындалмайды», - деп есептейді Евгении Яновицкий.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара арқылы өтетін өнімдерді бақылау жүйесін жақсарту қажет. Әрбір елдің акциз алымының көлемі әртүрлі болғандықтан ЕЭҚ елдерінің арасында азық-түлік өнімдерін тасымалдау мүмкіндігін шектеу қажет деп есептейді спикер.

Акциз алымы - (фр. accise, лат. accido — кесемін) басқа елдерден келетінтауарларға салынатын кедендік төлемдерден сынды негізінен мемлекет ішінде жалпы қолданыстағы тауарларға қойылатын жалпымемлекеттік жанама салық.

Еске салсақ, Қазақстанның салалық қауымдастықтары аталған мәселеге алаңдауда. Қазақстанның нарығына статегиялық маңызы бар шикізатты өткізу барысында белгілі бір шектеулер қоюда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп отыр. Кәсіпкерлер ведомства аралық комиссияның кезекті отырысында жоғарыда аталған ұсыныс талқыға салынып, қолдау табады деген үмітте.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер