Елбасы: «Атамекеннің» атқарып жатқан жұмысы маңызды
Шара барысында мемлекеттің саяси, экономикалық және рухани қалыптасуында партия жұмысының қорытындысы қаралды, сонымен қатар партияның келешектегі жаңғыруы талқыланды
Жиынға Үкімет басшылығы, Парламент, Президент әкімшілігі, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы депутаттары, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар жетекшілері қатысты.
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жиында кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың маңыздылығы айтылды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Нұр Отан» партиясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімі негізінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдараламасы аясында жұмыс атқарып жатыр. Атқарылған екіжақты тиімді жұмыс нәтижесінде республикадағы бизнес дамуының орташа көрсеткіштері 10 есе өскен. Қазақстанда 1 млн 200 мың кәсіпкер бар, олардың саны өсіп келеді.айта кетелік, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау «Нұр Отан» партиясының басым бағыттарының бірі.
Елбасы көтеріліп жатқан мәселелер өте қажет және күрделі екенін атап өтті.
«Бастау Бизнес» – қажет бағдарлама. Халықтың күнделікті теледидар көріп, газет оқуға уақыты жоқ. «Атамекеннің» қолға алғаны ауылдағы кәсіп ашқысы келетін, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды үйретіп, қолына бизнес беру. Әрбір адам қай жерден кредит алып, қандай құжат жасап, жинау керек, кімге барып, кімнен алу керек біле бермейді ғой. Сондықтан «Атамекеннің» істеп жатқан бұл шаруасы өте жақсы деп санаймын. Халықты юизнеске қарай бейімдесек, әр адам өзінің жағдайын түзеп, мемлекетке көмектесетін болады»,– деді Елбасы.
Айта кетелік, Мемлекет басшысы 2017-2021 жылдар аралығңында жаппай кәсіпкерлікті дамытуды тапсырған болатын. «Бастау Бизнес» – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов дипломдық жұмыстарды нақты стартаптарға алмастыруды ұсынды.
Жыл сайын жоғары оқу орындарында 130 мың дипломдық жұмыс қорғалады екен. Олардың басым көпшілігі тәжірибелік құндылығы жоқ, өкінішке орай. Сол себепті, сол дипломдық жұмыстарды нақты стартап жобаларға ауыстыруды біз ұсынып отырмыз. Мұндай тәжірибе Израильде қолға алынған. Біз де бұл бағытта жұмыс істеп, түлектер өз бизнес-жоспарын құрып, соған сәйкес жұмыс істейді», – деп ұсынды ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: