Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастығы форумы 9 қарашада өтеді
Форумға мемлекет басшылары қатысады
9 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің қатысуымен Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастығы форумы (ары қарай – форум) өтеді.
Форумның іскерлік бөлімі «Русские электрические двигатели» зауытының алаңында өтеді.
Форум бағдарламасына сарапшылар адами капиталды дамытудың факторы ретінде трансшекаралық және өңіраралық ынтымақтастықты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай цифрлық алаңын құру үшін цифрлық экономиканы дамытуды талқылау енгізілген.
Ынтымақтастық форумының аясында «Ресей Федерациясы даму стратегиясының маңызды негізі» тақырыбында ғылыми-экономикалық конференциясы, Ресей мен Қазақстан жоғары оқу орындары ректорларының форумы мен туризм бойынша көрме ұйымдастырылады.
Көрмеге Қазақстанның 15 туристік фирмасы мен 5 қолөнершілері қатысады.
Форум барысында «Адами капиталды дамытуда бизнестің рөлі» тақырыбында Ресей-Қазақстан Іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу қарастырылған. Аталған жиында Қазақстан сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов қазақстандық тараптың төрағасы ретінде сөз сөйлейді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: