«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодардағы құбыр өнімін дайындайтын компания сапа сыйлығынан үміткер

2017 жылғы 06 Қараша
- Павлодар облысы
4385 просмотров

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иелену үшін Павлодар облысынан бес кәсіпорын қатысады

Үміткер компаниялардың бірі – «Arinvest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл заманауи жоғары сапалы кәсіпорын полиэтиленді және алдын ала пенополиуретанмен ажыратылған құбыр өндірумен айналысады, сондай-ақ оларға үлгілік бұйымдар дайындайды.

Кәсіпорын 2009 жылы құрылған әрі озық жабдықпен қамтамасыз етілген. Өндірісте отандық, ресейлік және еуропалық өндірушілердің сапасы жоғары шикізаты қолданылады, жалпы алғанда өндірілетін өнімнің сенімділігі мен сапасының бір факторы ретінде танылған.

«Arinvest» ЖШС коммерциялық бөлімінің басшысы Ержан Жабаевтың айтуынша, кәсіпорын өнімі Қазақстанның көптеген өңірінде құбыр жүргізуде қолданылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 350 мың метр ажыратылған құбыр мен диаметрі 32 мм-ден бастап 1020 мм дейін 14 мың ажыратылған үлгілік бұйым өндіруге жетеді, сондай-ақ диаметрі 20-мм-ден 630 мм-ге дейін болатын 500000 метрден астам полиэтиленді суайдағыш құбыр шығаруға мүмкіндігі бар.

«Біздің өнім ерекше. Біз жылу жолы, -су, газжабдықтау, су тарту жүйесіне арналған құбыр өнімінің кешенді жеткіземіз. Озық жобалық институттардың жүргізген есебіне сүйенсек, полиэтиленді және пенополиуретанмен ажыратылған құбырларды қолданудың экономикалық мақсаттылығы жоғары. Бұл жылу құбырларының пайдаланылу мерзімін 30 жылға дейін арттырады, сондай-ақ жылу жоғалтуды 10 есеге азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша тұтынушылардың шығынын 30-40% үнемдеуге болады», – деп атап өтті Ержан Жабаев.

Кәсіпорын өз өнімін жеткізуден бөлек, жабдықтауға қажетті барлық монтаждау желісінің жинағын жүзеге асырады.

Кәсіпорында ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджментінің жүйесі жұмыс істейді. Білікті қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйесі ҚР СТ OHSAS 18001-2008 сәйкес. Сондай-ақ ҚР СТ ISO 14001-2006 сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесі енгізілген.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңінде «Arinvest» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында жеңімпаз атанды.

Компания өкілі Ержан Жабаев айтқандай, бүгінде Қазақстанның алдын ала ажыратылған және полиэтиленді құбыр нарығында бәсеке жоғары.

««Arinvest» ЖШС басты ерекшелігі шығарылатын өнім сапасының жоғарылығында. Өндіріс технологиясын қамтамасыз ету, тапсырыс берушінің сұранысына жедел жауап беру, сондай-ақ келешекте өндіріс көлемін нақты ұлғайту, Қазақстан нарығын толық қамту мен өнімнің осы түріндегі  сұранысты қанағаттандыру да компанияның басымдық беріп отырған міндеті», – деп тұжырымдады Ержан Жабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер