«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жасампаздықтың 20 жылы: «Атамекен» лебізін білдірді

2017 жылғы 01 Қараша
5377 просмотров

 

Бүгін мерейтойға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

1 қарашада Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қазақстан ұлттық экспедиторлары қауымдастығының мерейтойына арналған «Жасампаздықтың 20 жылы. Күш бірлікте» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қазақстан ұлттық экспедиторлары қауымдастығын мерейтойымен құттықтады. Спикер 1997 жылы құрылған «Қазақстан темір жолы» компаниясы ел экономикасын дамытудың локомотивіне айналғанын ерекше атады.

«Алға қойған мақсаттың сәтті жүзеге асырылуындағы маңызды роль көлік-экспедиторлық бизнеске беріледі, ол ел экономикасының дамуына, тасымалдау көлемінің артуын игеруде, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жұмысына айтарлықтай үлес қосып отыр әрі көлік саласында басқа да мекемелермен нәтижелі ынтымақтастық орнатты», - деп хабарлады Төраға орынбасары.

20 жыл бұрын экспедиторлық компанияларлың Қазақстан ұлттық экспедиторлары қауымдастығына бірігуі бизнес дамуының маңызды кезеңі – елімізде жаңа нарықтық экспедиторлық саланың қалыптасуы болды. ҚҰЭҚ Қазақстан нарығында және шет елде 80-нен астам үздік экспедиторлық және логистикалық компаниялардың мүддесін білдіреді.

«Қазақстан ұлттық экспедиторлары қауымдастығының елеулі еңбегінің бірі – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз мамандандырылған мекемені, FIATA халықаралық стандарты бойынша экспедиторлық қызметті кәсіби дайындау мен сертификаттау қызметін көрсететін «Көлікте басқару және логистика орталығын» құрды», - деп есептейді Елдос Рамазанов.

Еске салақ, Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бизнестік қолдауымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп көлік-логистикалық салада бизнес жүргізу үшін әкімішілік кедергілерді жою, ҚР заңнамасындағы адал бәскеге кедергі келтіретін нормаларға тексеру жүргізу жұмыстарын тұрақты атқарады.

Өз кезегінде «Kazlogistics» Қазақстан көлікшілер одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуы көлік-логистикалық саласын айтарлықтай жеңілдеткенін әрі нығайтқанын ерекше атады.

Мұнымен қоса «Атамекен» мен Қазақстан ұлттық экспедиторлары қауымдастығының өзара құрылымдық байланысы көлік-экспедиторлық бизнеспен айналысатындарда туындайтын күнделікті және стратегиялық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан ұлттық экспедиторлары қауымдастығының белсенді қатысуымен «ҚР темір жол көлігі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң, Экспедиторлардың темір жол көлігіндегі қызметінің ережесі, Вагон (контейнер) операторлары қызметінің ережесі, Жүк тасымалдау ережесі сәтті дайындалып, жүзеге асырылып келеді», - деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Қазақстандағы экспедиторлық және операторлық бизнестің дамуы нәтижесінде көлік-экспедиторлық қызмет нарығы көлемінің 98% республиканың резидент экспедиторларының үлесіне тиесілі. Қазақстан экспедиторлары еліміздегі темір жол көлігімен жеткізілетін экспорттың шамамен 60%, импорттың 40%  және  транзиттік жүк тасымалын 100% ұйымдастырып отыр.

Конференцияда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев «Қазақстан Республикасының транзитті-көлік әлеуетін жүзеге асыру және халықаралық экономикалық байланысын ұлғайту бойынша алдағы он жылдағы міндеттер мен сын-тегеуріндер» тақырыбында баяндама жасады. Спикер Қазақстан темір жолы өз алдына жаңа технологияларды жедел дамыту, жұмысқа инновацияны енгізу мақсатын қойып отырғанын атап өтті.

«Бүгінде компания Қытай, Въетнам, Кореяның 17 провинциясымен және Еуропа елдерімен тікелей жұмыс істейді. Біз тұрақты контейнерлік сервис пен бәсекеге қабілетті мерзімді жүзеге асырып отырмыз. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде біздің еліміздің Қытай-Еуропа-Қытай құрлық бағытындағы деңгейі 70%-ға жетті, 2011 жылғы 12%-дан осыншама көрсеткішке өсті. Сонымен қатар Қазақстан арқылы Қытай-Түркия-Иран жаңа бағыты игерілуде.  Альянс аясында Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік және Каспий маңы бағытының дәлізінде серіктестермен бірге транзиттік дәліз арқылы жүк тасымалдауда орын алған кедергілерді оңтайландыру жұмысы жүргізіліп отыр», – деп хабарлады Қанат Ақылбаев.

Еске салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2016 жылдың 19 мамырында кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзара әрекет туралы келісімге қол қойды Мұндағы негізгі мақсат – отандық тауар өндірушілерді, жұмыс пен қызметті жеткізушілерді қолдау. Сондай-ақ, Келісім квазимемлекеттік секторда өткізілетін сатып алулардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында бизнеспен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер