«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес»: павлодарлық кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетілді

2017 жылғы 31 Қазан
- Павлодар облысы
6995 просмотров

Шарбақты ауданында 184 тұрғын кәсіпкерлік негіздерінен білім алды

Өмірде жеке кәсібімен айналысуды қаламайтын жан жоқ шығар. Алайда көп ретте идеяларын мақсаты айқын жандар ғана жүзеге асырады. Тәжірибеде жас кәсіпкерге көрсетілетін қолдаудың маңызы зор екені айқын танылады.

«Бастау Бизнес» жобасының өзге бағдарламалардан айтарлықтай өзгешелігі бар. Ең алдымен, қатысушылар тестілеуден өтеді, бұрындары дәл мұндай жағдай болмаған еді. Тест кәсіпкерлік қабілетті анықтауға арналған. Себебі бұл қабілет көп адамдарда ашылмауы мүмкін», - дейді бизнес-жаттықтырушы Анна Плотникова.

Жобаның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік машыққа үйрету, ауыл тұрғындарының қаржылық белсенділігін арттыру. «Бастау Бизнес» жобасының басты артықшылығы – оның аяқталғандығында – тестілеуден өту, білім алудан бастап шағын несие алу, жобаны сүймелдеу, соңғы нәтижеге дейін бірлесіп жұмыс жасауды көздейді.

«Ауыл тұрғындары бұрындары естімеген бизнес-жоспарды дайындауға ерекше құлықты. Жобаның келесі бір мүмкінді – несие алуға бекіндерге көмек көрсету. Көптеген жандар жеке кәсіпті бастауға қорқақтайды. Неден бастау керектігі туралы нақты ақпарат жоқтығынан осындай болады. Ал қажетті мәліметтерді алғаннан кейін күмәндары сейіліп, сенімдері оянады», - деді Анна Плотникова.

«Бастау Бизнес» жобасы басталғалы бері Шарбақты ауданында 184 адам білім алды. Қаржыландырудың жалпы сомасы – 85 280 000 теңге. Бұл әлі соңы емес. Қараша айында жоба қатысушылары 35 500 000 теңге сомасында қаржы күтіп отыр.

Жобалардың көп бөлігі ауыл шаруашылығына арналған. Мұнымен қоса, ауыл тұрғындары жүк және жолаушы тасымалдау, құрылыс материалдарын шығару, Маралды ауылында наубайхана ашу, Шарбақты ауылында балаларға арналған ойын-сауық орталығы мен киім жуу орнын ашу бағытын дамытуға ниетті.

«Маңыздысы - өзіңе және идеяның табысты болатынына сену. Жобаға қатысушылар білім алғаннан кейін шаруашылығын жүргізуге деген көзқарастары мен түсініктері өзгергенін жасырмайды. Идеяны жүзеге асыру үшін алдымен бір қадам жасау керек. Палата өз тарапынан жан-жақты көмек көрсетеді», - деп түйіндеді Анна Плотникова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер