«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай нарықтарына шығудың даңғыл жолы

2017 жылғы 25 Қазан
5240 просмотров

Импорт пен экспорттың бірыңғай терезесі құрылмақ

2017 жылдың 24 қазаныныда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Қытай елінің «Asia Pacific Food Capital» ltd (APOFCO) компаниясымен кездесу өтті, кездесудін нәтижесінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қытай елінің «Asia Pacific Food Capital» ltd (APOFCO) корпарациясы арасында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.  Аталған құжатқа ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен APOFCO компаниясының  директорлар кеңесінің төрағасы Лю Дзинпинг қол қойды.

Айта кетелік, Қытайдың бұл ірі компаниясымен келіссөздер 2017 жылдың шілде айында Қытайда Бейжің қаласында ұйымдастырылған «Қазақстанда жасалған тауарлар» жәрмеңкесі кезінде орын алды. APOFCO жәрменке аясында қазақстандық тауарлардың органикалық құндылығына аса назар аударып, қазақ балы мен «Казторгтранс» компаниясының ұн тартатын өнімдеріне қытай тарапынан қызығушылық танытылды. Қытайға ұн, бидай, зығырды тасымалдау бойынша Ақмола, СҚО, Қостанай облыстары Экспорт реестіріне тіркелген болатын. Дәл қазір аталған облыстағы кәсіпорындар шығаратын өнім үлгілері сараптама үшін Қытайға жіберілді. Жуырда тасымалдау келісімдері жасалады.

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген APOFCO компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Лю Дзинпинг сондай-ақ Қытай Халық республикасының жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы өкілі болып табылады. Аталған қауымдастық құрамында 1800 кәсіпорын бар, олар түрлі бағытта 47 қызмет түрлерін атқарады.

«Қытайға жаппай экспортқа шығуда қазақстандық кәсіпкерлер Қытай нарығына кіру ережелерін біле бермейді, сондықтан кедергілер орын алып жатады. Сол сияқты қытай кәсіпорындары Қазақстанға кіру ережелерімен таныс емес. Осы ретте Қазақстан мен Қытай арасында жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша Халықаралық көрме орталығы ашылмақ. Бұл екі ел арасындағы сауда-саттықтың жолдарын жеңілдетеді. Қазақстан жеңіл өнеркәсіп саласын жетілдіруге үлкен мүмкіндік алады. Ал Қытай тарапы Қазақстан нарығы арқылы Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь мемлекеттеріне шығатын транзит дәлізін жетілдірмек», – деді келген APOFCO компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Лю Дзинпинг.  

Лю Дзинпинг мырзаның айтуынша екі ел арасында сондай-ақ, импорт-экспорт қатынастардың бірыңғай терезі құрылады. Осы мүмкіндік арқылы сауда-саттық шарттары тез орындалады. Құжаттарды рәсімдеу, жүк тасымалдау, көлемдерді анықтау, аудармашылық қызмет, жеткізу қызметі сынды жұмыстар  жүйеге қойылған тәртіп бойынша орынадалытн болады.   Әзірге бұл орталықтар шекарада ма жоқ, Арнайы экономикалық аймақтарда құралатыны жайында келіссөздер жүргізілуде.

Екі елдің жеңіл өнеркәсіп саласындағы кезекті кездесуі жоспар бойынша 9 қараша Қытайда, Бейжің қаласында өтеді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер