Энергетика саласының келешегі талқыланды
19 қазан күні «Атамекен» ҰКП Энергетика комитетінің кезекті отырысы өтті
Шараға ҰКП Төралқасы Энергетика комитетінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Энергетика министрлігі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілдері қатысты.
«Бүгінде жаңа талаптар қойлып отыр. Ел басшылығымен айтылған міндеттер бар, сенімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа нысандарды іске қосу және энергетикалық нарықты реформалау. Осы бағытта Ұлттық палата үлкен жұмыс атқарып жатыр», – деді А. Сатқалиев.
«Advantgarde Group» ЖШС бас директоры Руслан Мухамедов шара қатысушыларына мемлекеттің электроэнергетикалық секторының 2050 жылға дейін даму болжамын таныстырды. «2050 жылға дейін Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын дамытудың көрінісі» бұл таныстырылым «Advantgarde – SEEPX» консорциумымен дайындалған болатын.
Руслан Мұхамедов өз баяндамасында электр энергетикасының нысаналы моделін әзірлеу қажеттілігін атап өтті және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытудың жолдарын ұсынды.
Қазақстан Электроэнергетика қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалиновтың айтуынша энергетика саласы дамуының стратегиясы Қазақстан 76% құрайтын көмір генерациясын сақтап, ауа бөлінетін көмірқышқыл газ мөлшерін қалай азайту қажет деген сауалға жауап беруі керек. Сондай-ақ, тозығы жеткен станциялар, оның ішінде жылу мен жарықты қамтамасыз ететін станцияларды жаңғырту маәселесі қалай жүретініне қауымдастық төрағасы аландайтынын жеткізді.
«Қолданыстағы станциялардың 40%-ы 45 жылдан артық жұмыс істеп келеді, олардың қайсысы консервацияға, қайсысын жаңғыртуға жіберу керек? Бұл жоба барлық энергетикаға қатысы бар салалық мекемелер, мемлекеттік органдар, тұтынушылар сынды барлық салаларды қамтып отыр, сондықтан мүделлер теңгерімін қалыптастыру керек», – деді Шәймерден Оразалинов.
Тараптардың пікірінше бқл саладғы жұмысты бірлесіп жасау қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: