«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев болашақ чемпиондармен кездесті

2017 жылғы 18 Қазан
- Қарағанды облысы
4924 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Қарағандыға барды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қарағанды облысына барған жұмыс сапарында «Сарыарқа нан Қарағанды» атты өңірлік ірі нан зауыты өндірісімен танысып, Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, «Қарағанды  фармацевтикалық кешені» ЖШС және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына барды.

Тимур Құлыбаевтың сапары «Сарыарқа нан Қарағанды» атты бірегей нан зауытына барумен басталды. Аталған кәсіпорын биылғы жылдың басында ашылған болатын. Нан зауыты соңғы үлгідегі инновациялық жабдықпен қамтылған. «Атамекен» басшысына кәсіпорынның келешектегі дамуы  және өндірісті ары қарай жетілдіру мақсатында жасалған жағдайлар жайында ақпарат берілді. 

Тимур Құлыбаев қарағандылық кәсіпорындардың жаңа деңгейге шығып, олардың әлеуеті республикалық және халықаралық компаниялардан кем емес екенін  атап өтті. 

Келесі нысан – Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені  болды. Кешен боксшының туған өлкесі – Майқұдық ауданында орналасқан.  Жасөспірімдерге арналған оқу-жаттығулар тегін жүргізіледі. Төралқа Төрағасының айтуынша мұнда жасалған жағдайлар өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауда тамаша әдіс болып отыр.

 Ары қарай Тимур Құлыбаев сапалы, бәсекеге қабілетті инъекциялық препараттарды шағаратын «Қарағанды фармацевтикалық кешеніне» барды. Кешен ҚР Президенті тапсырмасымен 2005 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. 2015 жылдан бастам мұнда сапа бақылайтын үш бірдей зертханасы бар зартханалық-әкімшілік корпус іске қосылды. 

Сонымен қатар «Атамекен» басшысы облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Ашылған күннен бастап Орталық менеджерлері бизнесмендер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға 2900-ден астам қызмет көрсеткен. «Бизнес-мектеп» құрауышы аясында 1700 тыңдаушы кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылған.

Тимур Құлыбаев бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жүмыстардың маңыздылығын атап өтті және бос жер учаскелері мен өндірістік орынжайлардың онлайн-картасын енгізудің маңыздылығына тоқталды.

Еске салсақ, өңірде көпшілікке арналған бос жер учаскелері мен өндірістік орынжайлар туралы карта дайындалған. 4 қазаннан бастап кез келген адам облыстық әкімдік пен кәсіпкерлік басқармасының сайтында жарияланған сілтеме арқылы өтіп, пайдалана алады.

Қазіргі таңда картаға өндірістік базасының құрылысына арналған төрт жер телімі, сауда-сауықтық орталығы мен сауда павильондарының құрылысына 73 жер телімі белгіленген, сондай-ақ жол бойындағы сервисті, демалыс орны мен коммуникасы толық жабдықталған басқа да сауықтық нысанды  ұйымдастыру үшін 11 жер бөлігі бөлінген. Мұнымен қоса, инфрақұрылымы бар өндірістік мақсаттағы 40 орынжайдың мекенжайлары


Еншілес ұйымдар

Серіктестер