«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аударма бойынша жұмысқа бірыңғай салааралық уақыт нормасы бекітілді

2017 жылғы 17 Қазан
6316 просмотров

Көрсетілген салааралық типтік нормалар мекемелерде тәжірибелік түрде қолдануға ұсынылады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативті құқықтық актілерді және барлық саладағы ұйымдар жүзеге асыратын басқа да құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмысына бірыңғай салааралық уақыт нормасын бекітті.

Көрсетілген салааралық типтік нормалар орыс тілінен мемлекеттік тілге, мемлекеттік тілден орыс тіліне аударумен айналысатын аудармашылардың еңбегін мөлшерлеу үшін, штат санын, орындалу нормасын анықтау үшін барлық саланың мекемелерінде тәжірибелік түрде қолдануға ұсынылады

Нормативтер қауымдастықтармен және кәсіпорындармен бірге дайындалды, сондай-ақ республикалық жұмысшылар бірелстіктерімен келісілді.

Аударма бойынша жұмысқа бірыңғай салааралық уақыт нормасы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер