«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер ханым «Атамекеннің» арқасында дағдарыстан шықты

2017 жылғы 16 Қазан
2913 просмотров

Ұлттық палата кәсіпкердің жағдайын шешуге жәрдемдесті

Ақтөбе қаласындағы кәсіпкер ханым Мейрамхан Нұрмағанбетова «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсібилігі мен уақытында көрсеткен көмегіне алғыс айтты.

Мейрамхан Нұрмағамбетова қаржылық қиындықтар орын алғандықтан несиесін төлеуге шамасы келмеген. Сонымен қатар жер актісі, қосымша құрылыс нысандарының техникалық паспорты секілді құжаттарды да реттей алмаған. «Атамекен» ҚР ҰКП Экономика департаментінің сарапшысы Әсел Мұратханова Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының қаржылық қызметті тұтынушыларымен өзара әрекет орталығымен бірлесіп аталған мәселелерді шешуге көмектесті, нәтижесінде банк тарапынан көмек берілді.

«Сіздер өрт сөндірушілер секілді қай жерде ушыққан мәселе болса, сол жерде көмектесуге дайын тұрасыздар. Басқа ұйымдар «Банк ісіне араласуға құқығымыз жоқ» деген мәтінді жазып берген еді. Бірақ «Атамекен» барлық мәселені реттеуге көмектесті», - деп жазылған кәсіпкер хатында.

«Атамекен» ҚР ҰКП банкпен болған дау-дамайды реттеп, жарты жыл мерзімінде ай сайын төлейтін соманы азайтып төлеу үшін жаңа кесте жасауға қол жеткізді, сонымен қатар кәсіпкердің қажетті құжаттарын реттеуге көмектесті. Нәтижесінде Мейрамхан Нұрмағамбетованың кәсіпорынын сатуға мүмкіндігі туды, осылайша дағдарыстан шыға алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер