«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Астана» халықаралық қаржы орталығы алғашқы биржалық сауда-саттықты іске қосуға дайындалу үстінде

2017 жылғы 11 Қазан
4835 просмотров

«Астана» халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ережелері таныстырылды

Бүгін 11 қазан «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында «Астана» халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ережелері талқыланды. Презентацияға «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі(ЗТБ) кеңес төрағасының міндетін атқарушы Якупбаева Юлия Константинқызы, «ForteBank» АҚ өкілдері, "Цесна Капитал" АҚ өкілдері, «SkyBridge Invest» АҚ Астаналық еншілес ұйым өкілдері, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ өкілдері және мүдделі тараптар қатысты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы(АХҚО) құрылымдық реформаларға, экономикалық өсімге және заманауи қаржы жүйесін құруға зор үлесін қосады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Конституциясына тиесілі өзгерістер енгізілді.

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы қор биржасы  өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда бірқатар жобалар қатар жүргізілуде. Ережелер тізімін жасау жобасы, IT инфрақұрылымды құру жобасы, алғашқы эмитенттерді анықтау жұмыстары атқарылуда. Қуантатыны, екі халықаралық деңгейдегі Шанхай қаржы қор биржасы мен америкалық NASDAQ (National Association of Securities Dealers Automated Quotation) қор биржаларымен ынтымақтастықтың болуы. Бұл қор биржалары әлемдік деңгейде алдыңғы қатарда. Жұмысшы топ жобаны дайындау үшін бірнеше айлар жұмсады.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамытуға үлес қосу үлкен мәртебе екендігін айтқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілі презентацияны бастады.

«2015 жылы премьер-министр Камерон Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойған болатын. Біздің жұмысымыздың мақсаты «Астана» халықаралық қаржы орталығының ережелерін жазу болып табылады. АХҚО құрылымның негізгі органдары: АХҚО Басқару жөніндегі кеңес, басшы, АХҚО әкімшілігі, қаржылық қызметті бақылау комитеті, АХҚО сот және Халықаралық төрелік орталығы. АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов. Кез келген қаржы нарығында өзінің ережелері болуы тиіс», - деді Дэвид Райт.

АХҚО қор биржасының ережелері ауқымы:

  • Бизнес жүргізудің негізгі ережелері
  • Листинг ережелері
  • Клиринг пен есеп айыру ережелері
  • Мүшелік ережелері
  • Дефолт пен сауда-саттық реттеу ережелері
  • Ақпаратты айқындау ережелері
  • Мониторинг пен бақылау ережелері
  • Бағалы қағаздар қол жеткізу мен эмитент ақпаратты ашу  ережелері.

АХҚО өкілі Стюарт Вилли қорға мүшелік ережелеріне тоқталып өтті.

«Мамандандырылған сәйкестік талаптарына сай болу, сауда-саттық биржа жүйесіне қосылу үшін техникалық талаптарға сай болу, соңғы 2 жылға аудиттелген қаржы есебі, айналыстағы капитал жайындағы мәлімет, кадрлық, қаржылық және техникалық ресурстардың болуы, ақпараттарды жинау мен сақтау мүшеліктің талаптары болып табылады », - деді Стюарт Вилли.

АХҚО әкімшілігінің Басқарма төрағасының кеңесшісі Әмина Тұрғұлова ережелердің кәсіпкерлер ауқымын кеңейту негізінде жасалғандығын атап өтті.

«Ең аз нарықтық капиталдандыру 1 миллион долларды құрайды. Бұл санатқа көптеген  компаниялар іліккенімен, кіші бизнес пен стартаптарға сегменттер болады. Ағымдағы жылдың 4 кварталында алғашқы қор биржасының сауда-саттығы жоспарланып отыр. Негізгі талаптар: соңғы үш жыл көлеміндегі аудиттелген қаржы есебі мен 25% қор еркін айналымда болуы қажет», - деп түсіндірді Әмина Тұрғұлова.

 
Қор биржасының талаптарына әлемдік стандарттарға сәйкес қаржылық есеп, компанияның қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік деңгейін шетелдік бугалтерлік есеп режимімен сәйкестендіру, 12 айдан кем болмайтын айналыстағы капитал жайында ақпарат кіреді. 
АХҚО өкілдері ағымдағы жылдың соңында АХҚО қор биржасының облигацияларын іске қосылады деп мәлімдеді. 2018 жылдың сәуір айында алғашқы IPO мен бағалы қағаздар листингі жоспарлануда.
Есте болса, 5 қыркүйек «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық Келісіміне қол қойған болатын.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер