«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 11 қазанда өтеді

2017 жылғы 11 Қазан
3770 просмотров

Интеграциялық бірлестіктің алдағы жұмысын қамтамасыз ететін бірқатар мәселелер қаралу мен талқылау жоспарланған

11 қазанда Сочи қаласында ЕАЭО мүше-мемлекеттер басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің биылғы жылды қорытындылау отырысы өтеді (ары қарай – ЖЕЭК).

Жиын шеңберіне интеграциялық бірлестіктің алдағы жұмысын қамтамасыз ететін бірқатар мәселелер қаралу мен талқылау жоспарланған.

ЖЕЭК күн тәртібіне «ЕАЭО цифрлық күн тәртібін 2025 жылға дейін жүзеге асырудың негізгі бағыттары» мәселесі енгізілген. Бұл тақырыпты талқылау барысында қазақстандық тарап белсенді қатысты және «Атемекен» ҚР ҰКП жеткізген отандық бизнестің пікірі ескерілді.

Әлемдік заманауи нарық талаптары берген, одаққа мүше-мемлекеттердің ақпараттық технологиясы саласының келешекте дамуының іргетасы ретінде ойластырылған. Экономиканы цифрландыруға қатысты ЕАЭО жұмысындағы өсу қарқынын ерекше атап өту керек.

Одаққа мүше-мемлекеттердің өзара ақпарат алмасу процесін электронды форматқа өту арқылы жеңілдету қажеттілігі ЕАЭО жаңа Кедендік кодексінде көрсетілді.

Қазіргі таңда Одақтың мүше мемлекеттері 2017 жылдың 11 сәуірінде қабылданған ЕАЭО Кедендік кодексі туралы келісімшарттың күшіне енуі үшін мемлекеттік ішінде қажетті процедураларды жүргізіп жатыр. Өз кезегінде, Мемлекет басшыларының кездесуі аясында аталған Келісімшартты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға дайындығын бекіту жоспарланып отыр.

ЕАЭО Кедендік кодексі қамтамасыз етеді:

  • Одақтың барлық аумағында электронды (қағазсыз) кедендік декларациялауды қолдану;
  • Егер тәуекелді басқару жүйесі жұмыс істемесе, тауарды автоматты түрде өткізу (адами факторды болдырмау);
  • Кедендік декларацияны кедендік құжат органына тапсырмастан, оның толтырылу негізінде өткізу;
  • Келу, кету, кедендік декларация және тауар шығарумен байналысты кедендік операцияларды орындауда «бір терезе» қағидасын пайдалану;
  • Транзитте бақылау жүргізу мерзімін азайту және т.б.

ЕАЭО мүше мемлекеттері басшыларының қатысуы аясында талқылауға жоспарланған ұйымдастырушылық мәселелердің бірі – Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалықтың Қырғыстаннан Ресей Федерациясына ауысуы.

Халықаралық қатынасты дамыту және мемлекеттердің еуразиялық бірігуіндегі беделді арттыру мақсатында Одаққа мүше-мемлекеттердің басшылары кездесу барысында Одақтың халықаралық аренадағы жағдайына жасалған талдау негізінде ЕАЭО-тың 2018 жылғы халықаралық қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ мүше-мемлекеттердің алдағы кезеңдегі саяси және экономикалық мүдделері қарастырылады.

ЕАЭО отырысының қорытындысы Одақтың дамуының келесі қадамы, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процесстерді тереңдету, жеткен жетістіктерді нығайту мен таяу келешектегі жоспарларды зерделеу орын алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер