Қостанайлықтар Алматыға таңдаулы ет әкелді
Қазақстан жергілікті өндірушілерінің жәрмеңкесі Алматы қаласында өтті
«Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен «METRO» халықаралық сауда желісі Алматыда жергілікті өндірушілердің жәрмеңкесін өткізді. Іс-шараға тағам, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін кәсіпкерлер шақырылды. Бизнес үшін осындай формат, ең алдымен, өзара тиімді байланыс орнатудың алаңына айналды.
Жәрмеңкеге келген компаниялардың арасында Қостанай облысының шұрайлы жері мен жайылымынан шыққан ет өнімдері ерекше көзге түсті. Қостанайлық кәсіпкер Жетісу жеріне стейк, сүйексіз жұмсақ ет пен жентектелген түрін жеткізген.
«Терра» компаниясы агрохолдингтің бір бөлімі, онда жем өсіріліп, қайта өңделеді, одан кейін мал бордақылау орны пайдаланылады, нәтижесінде жақсы сиыр етін аламыз. Бүгінде мал бордақылайтын орында бір уақытта 8 мың мал басы сыяды, дегенмен қазірде 80-90% қамтылған, 6 мың мал басы бар. Бордақылау алаңы орама түрінде жұмыс істейді. Мал союға жіберілгенде, келесісі бордақылауға айдалады. Жылына бордақылау алаңында 3-4 цикл өтеді, яғни 24 мың бас бордақыланады. Орташа есеппен алғанда 1 мал басының таза салмағы 400 кг, ал еті – 200 келі. Біз өндіретін еттің сапасы жоғары, нарық талабын барынша қамтуға тырысып кеоеміз. Біз салқындатылған өнім шығарамыз, мұздатпаймыз, санитарлық, ветеринарлық нормалардың барлығы сақталады», – дейді «Терра» ЖШС директоры Дәулет Ахметқалиев.
Бүгінде «Терра» өнімдері Қостанай облысы мен Астананың сауда алаңдарын қамтып, Ресейге экспортталады.
«Біз алыс шет елдің бағытын зерттеп отырмыз, бірақ та өнім тез бұзылатындықтан, бұл әзірге мүмкін емес. Сиыр еті 16 күн ғана сақталады. Осы жайттардың барлығын ескеріп отырмыз, жедел талдау, құжаттарды қалыптастыру жұмыстарын атқарылып жатыр. Ал «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тікелей жұмыс атқарамыз. Бизнес-процес, құжаттарды рәсімдеу, сүйемелдеу, кеңес алу, тақырыптық конференциялар мен жиындарға қатысу барысында көптеген сауалдар туындайды. Ұлттық палата мән-жайды ұғынып, мәселені шешуде, кеңес беруде, кәсіпкерді тікелей қолдауда көмегін тигізіп келеді», – дейді шаруа қожалығының басшысы.
Жыл сайын қазан айының алғашқы он күндігінде «METRO» желісі өзінің бизнес күнін әлемнің 25 елінде жергілікті кәсіпкерлермен бірге атап өтеді. Қыркүектен бастап қазанға дейін апта сайын мейрамхана, қонақ үй бизнесінің өкілдері үшін шеберлік-сыныптарын өткізіп, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау мен Атырау қалаларында сауда саласындағы кәсіпкерлерге оқу семинарларын ұйымдастырды. Сауда орталығының серіктестері барлық қалада тиімді акциялар мен кепілдендірілген сыйлықтар дайындады. «METRO» бизнес күніне арнап өндірушілер үшін арнайы сайт іске қосылды. Кәсіпкерлер сайтқа өз ұсыныстары мен акцияларын жариялай алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: