«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көлеңкелі экономикаға тағы соққы жасалды

2017 жылғы 06 Қазан
6605 просмотров

 «Атамекен» мен Экономикалық зерттеу қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды талқылады

 6 қазан күні ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көлеңкелі экономиканы төмендету мақсатында кәсіпкерлік субъектілері мен экономикалық зерттеу қызметтерінің  өзара әрекеттестігі» мәселесі бойынша   Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті.

 Шараға «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары, Бас прокуратура, басқа да мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Кеңестің Сараптамалық тобы өткізген талдау Экономикалық зерттеу қызметінің тұрақты түрде экономикалық құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қолданатынын көрсетті. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Экономикалық зерттеу қызметі сәйкес заңнамаларға өзгертілер енгізіп, жетілдіру жұмыстары атқарылды. Жалған кәсіпкерлік бойынша бап алынып тасталды, салықты толық төлеу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы заңға өзгерістер енгізу туралы бастама көтерілді.

 «Осыған қарамастан Экономикалық зерттуеу қызметі және кәсіпкерлер арасында жергілікті жерде әлі де болса байланыс орнамағаны зерттеу материалдарынан байқалып отыр. Осының салдары кәсіпкерлер құқығын бұзылуда, бұған кәсіпкерлердің шағымдары да дәлел болып отыр.     

Шара модераторы Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменовтың айтуынша былтыр «Атамекен» ҚР ҰКП-ға құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері бойынша кәсіпкерлерден 100-ден астам шағым келіп түскен. Салық салу мен кедендік рәсімдеу саласы бойынша 300-ден астам шағым түсті. Жалған кәсіпкерлік бойынша да құқық қорғау органдары тарапынан тексерулер жалғасып жатыр екен.

Қазір ең басты міндет – экономикалық зерттеу қызметі мен бизнес жұмысындағы мәселелерді анықтау. Бизнесті қорғауға  қатысты Бас прокуратураның қызметі де қайта қарастырылды, бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Съезі және «Прокуратураның кәсіпкерліктегі қадағалау» атты форумда айтылған болатын. Ұлттық палата тәуелсіз сарапшылармен бірге салықтық және кедендік сұрақтар бойынша шағымдар бойынша жұмыс атқарып келеді», –  деді Қайырбек Сүлейменов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Экономикалық зерттеу қызметі жұмысына оң баға берді. Алайда ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабы алып тасталғанымен, бірақ іс жүзінде құқық бұзушылықтар орын алып жатыр. Сонымен қатар спикер тараптар қайышлығы орын алғанын айтып отыр, яғни салық органы кәсіпкерге тексерумен келіп, өзі залал мөлшерін жазып кеетін, ал инспектор сарапшы рөлін ойнады екен.  

«Адал кәсіпкердің салық органымен әр ара қатынасуы қылмыстық кодекс шеңберінде емес, салықтық тексеру кезінде жүргізілуі тиіс. Екіншіден, әр мәміле жақсылап зерттелуі керек,  тауар, жұмыс, қызметтің нақты түрде келуіне назар аударылуы тиіс. Үшіншіден, істі зерттегенде процедуралардың барлық тізбегін қарап, мәмілелердің логикалық қисынын тексеру керек. Және аталған  шешімдер апелляциялық комиссияда немесе сотта қайта қаралуы мүмкіндігіне ие болуы шарт», – деді Рустам Жүрсінов.

Спикердің айтуынша бизнесті кедендік мәселелер мазалайды, атап айтқанда ҚР Кедендік кодексінің  234, 236 баптары арасындағы келіспеушілік орын алып отыр.

 «Тәуекелдермен басқару жүйесі жұмысын талдау керек, оны өткіземіз деп жоспарлап қойдық. Мемлекет кәсіпкерлікті қолдау бойынша бір қатар бастамаларды қолдау отыр. Өз кезегінде бизнес қолдауларға кері байланысты беріп, жетілуге дайын. Мүмкін бизнесті ынталандыру мақсатында копроративтік басқарудың рейтингі қажет болады. Белгілі бір жүйе қалыптасуда, осы мақсаттарды орындау үшін 2018 жылға сәйкес қаржыны да  белгілеп қойдық», - деді Рустам Жүрсінов.

 ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Тілеу Жанғарашев Комитеттің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі – фискалдық әкімшіліктендіруді жеңілдеті және бизнеске қатысты қылмыстық жауапкершілікті негізді түрде қолдану болып табылатын айтты.

«Бүгінгі күннің өзінде салықтық тексерулер 37,8%-ға қысқарды, соған қарамастан оның тиімділігі екі есе жоғарылап отыр. Кедендік тексеру бойынша да осындай жағдай, тексеру саны 26%-ға қысқарды. Импортқа арналған кедендік төлемдер мен жанама салықтарды өндіріп алу 55%-ға көбеді», - деді Тілеу Жанғарашев.

Бұдан басқа сотқа дейінгі тергеу тек уәкілетті органдардың актілерімен және құжаттармен расталған анықталған залал болған кезде ғана басталады. Мәселен, осы жылдың 9 айында, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тіркелген қылмыстық істердің саны 2 есеге қысқарды. Сотқа дейінгі тергеу сапасы жақсарды. Оңалту негіздері бойынша тоқталылған қылмыстық істердің саны 5 есеге төмендеді. Залалды өндіріп алу 5%-ға өсті.

Өз алдына ҚР Бас прокуроры орынбасары Марат Ахметжанов Тәуекелдерді тексеру жүйесінде цифрлық технологияларды пайдалану кәсіпкерлерге жүргізілетін тексерулерді азайтуға мүмкіндік бермек. Өтйкені цифрлық технологиялар бірінші кезекте ашықтықты қамтамасыз етеді.                                                                                      


Еншілес ұйымдар

Серіктестер