«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухалтер қандай болуы тиіс?

2017 жылғы 06 Қазан
- Павлодар облысы
7440 просмотров

Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби мерекесі атап өтілді

Есеп-қисап саласы мамандарының рөлін бағалау қиын. Мұнымен қоса, оларсыз бір де бір кәсіпорынның қызметі жүзеге асырылмайды. Бугалтер, аудитор – сұранысы жоғары мамандық иелері.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы Бухгалтерлердің қоғамдық бірлестігімен бірге әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мерекелік іс-шара барысында бірлестік басшысы Люмила Пацанға алғыс хат табысталды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әбілтаевтың айтуынша, бухгалтерлердің жұмысы әрдайым өзін өздері жетілдіру, ол бизнесті жүргізудің өркениетті стратегиясын енгізуге бағытталған, озық тәжірибе мен жаңашылдықпен алмасуға ықпал етеді.

Тиімді өзара байланыстың мысалы ретінде Кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылған «Бухгалтерлер клубының» жұмысын айтуға болады.

«Бухгалтерлер клубының» қызметі кәсіпкерлік субъектілеріндегі бухгалтерлік және салық мәдениеті деңгейін арттыруға, бухгалтерлік және салық заңнамасындағы түйткілді әрі маңызды мәселелерді түсіндіруге бағытталған.

«Бухгалтерлер клубының» жұмысында Павлодар облысы Бухгалтерлердің қоғамдық бірлестігі тарапынан қолдау мен көмек алып отырмыз. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен кәсібиліктеріңізге алғыс білдіреміз», ­- деді Серік Әбілтаев.

«Бухгалтерлер клубының» негізгі міндеті – бухгалтерлерге заңнамалықтағы жаңадан енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың барлығын түсіндіретін байланыс алаңын құру.

«Әрбір кәсіпорынның қызметіндегі жетістіктің негізі сауатты бухгалтерлік және салық есебінен тұрады. Кәсібилік, біліктілік және бірегей сараптамалық қабілет заманауи бухгалтер мен аудитордің сипаттамасы. Кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, табысты еңбек тілеймін. Жоспарлардың орындалып, қаржылық тұрақты жағдайы орын алсын. Алдағы уақытта да жемісті еңбек етеміз деп ойлаймын», - деді Серік Әбілтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер