«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірыңғай цифрлық платформа мемлекеттік қолдау шараларын біріктіреді

2017 жылғы 03 Қазан
7078 просмотров

ҚР ҰЭМ, «Атамекен» және «Бәйтерек» меморандумға қол қойды

3 қазанда ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов және «Бәйтерек» ҰБХ»  Басқарма Төрағасы Айдар Әріпханов цифрлық платформа аясында шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау шаралары бойынша «бір терезені» жүзеге асыру меморандумына қол қойды.

Меморандум мәтінінде тараптар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «бір терезе» қағидасымен шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформаны жасау бойынша бірлесіп жұмыс атқарылатындығы көрсетілген.

Әрбір тарап мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру мен автоматтандыру үшін өзара бірлесіп әрекет етеді және қажетті ақпарат алмасады. Бұл келешекте шағын және орта бизнеске арналған Бірыңғай цифрлық платформаға біріктіріледі.

Бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлерге мемлекеттік түрлі шараларды көрсететін 20-дан астам институттар бар. Бірақ кәсіпкерлердің 15% ғана олар туралы біледі әрі қолданады. Осыған орай, 2016 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП қызметіндегі басым бағыттарының бірі ретінде «Бизнеске арналған үкімет» жобасы анықталды. Бұл жоба кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер мен шаралардың барлығын да «бір терезе» арқылы біріктіруі керек.

2016 жылдың 3 қарашасынан бастап Ұлттық палата Atameken Services (services.palata.kz) цифрлық платформасы негізінде «Бизнеске арналған үкімет» жобасын іске асыруды бастады. Жоба аясында кәсіпкерлер үшін қаржылай емес қолдау көрсету қызметтерінің 8 санаты автоматтандырылды, әр санатта 9 қызметтен бар. Сервис іске қосылғалы бері кәсіпкерлер тарапынан 15 мыңнан астам өтінім түскен, бүгінде оның 13 мыңы орындалды. Қаржылай емес қолдау шараларының ішінде бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, заңдық қызметтерге сұраныс көп.

Қызметтерді «бір терезе» арқылы шығару кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға арналған қызметтер мен қолдау шараларына теңдей қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамдармен тікелей байланысудың қажеттілігі болмай, сыбайлас жемқорлық қаупі азаяды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары еліміздегі қызмет көрсету сапасының бірыңғай сапалылығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің қай қаладан немесе ауылдан екеніне қарамастан қызмет алу деңгейі бірдей болады. Кәсіпкер қазірдің өзінде-ақ Қазақстанның кез келген аймағынан қызмет алуға өтінім беріп, оның орындалуын бақылай алады.

«Біз бизнеске арналған сервистерді цифрландыру бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз, атап айтқанда «Атамекеннің» көрсететін қызмет түрлерін арттырып, елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін оларды пайдаланудың жеңілдігін арттырамыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Биыл 13 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысқан «Ел экономикасын цифрландыру» мәселелеріне арналған републикалық кеңес барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, Цифрлық платформа жобасын таныстырды. Аталған жобаны Елбасы қолдады.

Жиын қорытындысында ҚР Ұлттық кономика министрлігі «Атамекенмен» бірге жұмыс тобын құрды және мемлекеттік қолдау шараларының реинжинирингі мен автоматтандырылуы үшін мемлекеттік органдардың Ұлттық палатаның цифрландыру кеңсесіне келу кестесінің жоспарын бекітті.

Талдау жүргізіліп, мемлекеттік қолдаудың 56 шарасының ішінде 30 шараның берілу процедурасын оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалды (ҚР АШМ – 15, ҚР ҰЭМ – 7, ҚР ИДМ – 8).

Ұсыныстар қызмет көрсету мен қажетті құжаттар тізімін азайтуға бағытталған, мұның барлығы да бизнес өкілдерімен бірге жасалды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған ұсыныстардың барлығын ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалық ететін Ведомствоаралық комиссияға беруге дайын.

Кейінірек қалған 26 шара дайында ұсыныстарды шығару жоспарланған.

«Бәйтерек» холдингі мен «Атамекен» ҚР ҰКП серіктестік қағидасымен «Digital Baiterek» және «Атамекен» цифрлық платформаары арасында өзара байланысты ұйымдастыруды ұсынып отыр. Бизнеске арналған «Atameken services» электронды қызмет платформасында ашық ақпарат пен ұйымдастырушылық ресурстарының көмегімен холдинг қызметтерін біріктіру мәселесі көтерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер