«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер қойнауы туралы жаңа кодекс инвестицияны арттырады

2017 жылғы 19 Қыркүйек
6723 просмотров

Абылай Мырзахметов ҚР Үкіметінің отырысында жер қойнауы мәселесін көтерді

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасына реттеудің екі тетігі енгізілген: көмірсутекті шикізат үшін және қатты пайдалы қазбалар үшін. Ол мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерінің теңгеріміне негізділген.

Кодекс жобасында көмірсутекті шикізат бойынша геологиялық барлауға қызығушылықты арттыру және жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс процедурасы мен құқықтарын қорғауды жеңілдетуге басымдық берілген.

Жер қойнауын пайдалану құқығы байқау бойынша, аукцион өткізу процедурасын жеңілдетумен берілген, қосымша сараптама, жер қойнауын пайдалану талаптарының тұрақтылығына кепілдік жасамай-ақ байқау жеңімпазымен келісімшартқа қол қою қарастырылған. Сонымен қатар, 5 жыл мерзім өткеннен кейін өндірілетін қорларға қатысты есеп беруде халықаралық стандартқа өту, барлауға жекелеген шарттарды алып тастау мен көмірсутекті шикізатқа бірлесіп барлау жүргізу мен алу бойынша келісімшарт жасауға өту ұсынылды», – деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Спикер атап өткендей, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс пен жаңа Салық кодексінің жобалары қатар жүргізіліп келеді, мүдделер теңгерімі сақталып отыр.

«Қатты пайдалы қазбаларды реттеуге қатысты Кодекс жобасында «Бірінші келдің – бірінші болып алдың» деген австралиялық әдіске сүйене отырып заңнаманы жетілдіруде анағұрлым жаңа тәсіл қарастырылды», – деп түсіндірді Абылай Мырзахметов.

Басқарма Төрағасының айтуынша, негізгі өзгерістер алғашқы өтінім қағидасын енгізу, пайдалы қазбаларды барлау мен қазу бойынша орталық комиссияны алып тастау, жер қойнауын тиімді пайдалануда мемлекеттік бақылауды алып тастау, жер қойнауын пайдалану саласында өзін-өзі реттеуді дамытуға бағытталған.

Мұнымен қоса тауар, еңбек пен қызметті сатып алу саласында «жасыл» дәлізді дамытуға қатысты жағдай жасау ескерілді.

«Жер қойнауын пайдалануға қатысушылардың алып-сатарлығына кедергі келтіретін тетіктер, жер туралы заңнама мен техногендік минералды түзінділерге қатысты талқылануы тиіс мәселелер бар», – деді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы сөзін тұжырымдай келе, ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Аталған өзгерістер осы салаға қосымша инвестиция қаражатын құюға және еліміздің қаржы нарығының дамуына ықпал етуі мүмкін. Абылай Мырзахметов негізгі салаларға серпін беру мақсатында экологиялық кодексті әзірлеуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер