«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ұйымдастырған байқауға 143 материал түсті

2017 жылғы 18 Қыркүйек
4417 просмотров

БАҚ өкілдеріне арналған байқау қорытындысы таяу күндері жарияланады

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің нарығында отандық бизнеске арналған жұмыстарына арналған республикалық байқауға өтінім қабылдау аяқталды.

«Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған республикалық байқауға БАҚ-тың штатағы, сондай-ақ штаттан тыс қызметкерлері қатысты. Байқауға очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқа да түрлі жанр мен форматта жарияланған материалдар қабылданды.

Жұмыстар 4 аталым бойынша қабылданды:

  • Баспа басылымдарында жарияланған үздік сараптамалық материал;
  • Телеарнадағы үздік репортаж «ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға сюжет, деректі фильм);
  • Интернет-БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал
  • үздік радио-сюжет.

Жалпы 143 материал түсті. Байқауға БАҚ-та 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 15 тамызы аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданды. Байқаудың ресми қорытындысы таяу күндері жарияланады. Еске салсақ байқау қоры – 2 280 000 теңге.

Байқау жұмыстарын бағалау кезінде объективтілік, материалды берудегі кәссіби деңгей, жаңашылдық, айрықшалық, стиль, мәтін тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, ақпараттың нақтылығы мен дәлдігі, журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестілігі ескеріледі.

 

Байқаудың мақсаты – табысты кәсіпкерлік қызметті таныту, мемлекеттік дамуында бизнестің экномикалық және әлеуметтік рөлін баяндау. Сонымен қатар медиа-қоғамдастықты «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын көпшілікке таныстыру мен ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің нарығындағы кәсіпкерлік туралы жариялау да байқау мақсатын көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер