«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесуі қажет – Нұржан Әлтаев

2017 жылғы 16 Қыркүйек
6546 просмотров

Басқарма Төрағасының орынбасары ЕАЭО пен Қытай нарығына шығу үшін қазақ-өзбек кәсіпкерлерінің бірлесуі туралы баяндады

16 қыркүйекте Ташкент қаласында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «НК «KAZAKH INVEST» АҚ ұйымдастырған Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумының ашылу салтанаты өтті. Форумға Қазақстан мен Өзбекстан экономикасының негізгі салаларын көрсететін 500-ге жуық мемлекеттік ұйымдар өкілдері, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері мен кәсіпкерлері қатысты.

Іс-шара қазақ-өзбек тарапынан таныстырылымдар форматында, сондай-ақ қазақ және өзбек компанияларының экспорт-импорт салаларын дамыту мақсатындағы екіжақты келіссөздер түрінде өтті.

Бизнес-форумда «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев ортақ мүддеге жету мен өзара қолдау көрсетуде қос бауырлас елдің іскерлік байланысын нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Бүгінгі форумның негізгі идеяларының бірі – Қытай мен ЕАЭО нарықтарын қоса алғанда жаһандық нарыққа бірлесіп шығу және тауарларымызды өткізу», – деді Нұржан Әлтаев.

Спикер атап өткендей, екі мемлекеттің бірегей географиялық және климаттық жағдайы бәсекелесуге және өнім көлемін үнемі арттыруға мүмкіндік береді.

«Егер ойымды осылай жеткізуге рұқсат болса, Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынас пен экономика әлеуетін ақшаға айналдыруы керек», – деп есептейді спикер.

Форум Қытай мен ЕАЭО нарығына дендеп енуде екіжақты байланысты дамытудың локомативі мен жаңа идеялардың генераторына айналады.

«Қазіргі әлемдік процеске толық қатысу үшін біз ЕАЭО мен қытай серістерстерімен байланысу үшін ғана емес, жаһандық деңгейде бірлесуіміз керек. Орталық Азия континенттің ортасында жатыр. Біз барлық өлшемдерге сай табиғи  еуразиялық хабқа айналдық», – деді Нұржан Әлтаев.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 1,055 млрд доллар болды (экспорт – 662 млн. доллар, импорт – 393,3 млн. доллар). Бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капитал салынған 230 кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Қазақстанда 130-дан астам бірлескен кәсіпорын бар. Қазақстанның Өзбекстанға экспортындағы ОҚО үлесі 30%. Экспортталатын негізгі өнімдер: ұн, бидай, металл бұйымдар, цемент, картоп, мұнай өнімдері, өсімдік майы, трансформатор және т.б. Ал Өзбекстаннан көкөністер, жеміс-жидек, шырын, тыңайтқыш, тоқыма заттары мен автокөлік жеткізіледі.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Ұлттық палата бірлесіп жұмыс істеуге, өзбек әріптестерге көмектесуге дайын екенін атап өтті.

«Форумға Қазақстан тарапынан 300-ден астам бизнесмен қатысты. Кездесу барысында 560 млн доллардан астам сомаға 37 келісімшарт жасалады. Бізге Өзбекстанда Сауда-өнеркісіп палатасының рөлін күшейту жоспарланып отырғаны мәлім. Реформалар жүргізіліп жатыр. Біз өзбек әріптестермен тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деді Нұржан Әлтаев.

«Биылғы жыл Қазақстан мен Өзбекстан байланысының айтарлықтай жемісті кезеңінің бастауына айналды. Екі ел арасындағы тауар айналымы бір миллиард доллардан асып түсті. Биылғы 7 ай ішінде былтырғы жылмен салыстырғанда 33,7%-ға артты. Бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстың нығайып, дамудың нақты әлеуетін көрсетеді. Бұл көрсеткіш бірнеше есе өсуі мүмкін. Толық және тиімді ынтымақтасу үшін база қажет»,– деп тұжырымдады спикер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер