«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» денсаулық сақтауға қатысты заң жобасына ұсыныстар қабылдайды

2017 жылғы 15 Қыркүйек
3313 просмотров

Ұлттық палата ұсынылған заң жобасын талқылауға шығарады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлеп палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» жобасының Тұжырымдамасы келіп түсті.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы медициналық мекемелерде корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған заң жобасының әлеуметтік жоғары маңыздылығына орай коммерциялық емес ұйым ретінде медициналық қызметтің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның мәртебесімен құзыретін заңнамалық тұрғыда анықтау, Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін, медициналық білім беруді дамыту, мемлекетт тарапынан жүргізілетін тым көп реттеуді азайту үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды оңтайландыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына арналған қолданыстағы заңнаманың олқылықтарын түзеу үшін  ұсынылған жаң жобасын талқылауға шығарады.

Ескертпелер мен ұсыныстары 2017 жылдың 21 қыркүйегіне дейін n.kabdrakhmanova@atameken.kz электронды почтасына жолдауларыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер