«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеңілдетілген несиелер фермерлерге дамуға көмектеседі

2017 жылғы 13 Қыркүйек
1490 просмотров

Ақтоғай ауданында 10-ға жуық ауыл шаруашылығы кооперативтері өз бизнестерін дамыту үшін жеңілдетілген несиелер алды

Кәсіпкерлер Палатасы Ақтоғай аудандық филиалының директоры Нариман Рахымжанов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен бірлесіп атқарған жұмыс өз жемісін бере бастағанын айтады. Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өздерінің ең негізгі мәселелерін мүмкіндігіне ие болуда.

«Ауыл тұрғындары үшін ең көп таралған ортақ мәселе бұл – бастапқы капитал және кепілдік мүліктің болмауы», – деп атап көрсетеді Нариман Рахымжанов.

Қолдау шараларын пайдаланғандардың бірі – «Солтангерей» АТК болып табылады. Бұл АТК-ның төрағасы Айбек Ахметниязов кооперативтердің бірігуі арқасында ол өз шаруашылығына трактор және 21 бас мүйізді ірі қара мал алыпты.

 Шағын және орта кәсіпкерлік отандық экономиканың қозғауышы. Осы саланы дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеріп, өңірлердегі іскерлік ахуал артады. Ал кәсіпті енді бастағысы келетін немесе шағын шаруашылығы бар азаматтарға бизнесті бірден аяққа қою қиын. Осы ретте бірден бір жол – мемлекеттік бағдарламалар арқылы мөлшерлемесі тиімді шағын несиелеуді пайдалану. Шағын несиелеу – бұл әлемдік практика. Арзан қаржыландыру құралдары әсіресе агроөнеркәсіп кешені саласында қолданылады.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұл бағыттың шарттары кепілдік мүлікке байланысты айтарлықтай қолайлы. Яғни кепілдікке ауылды жердегі үйлер және жер телімдері қабылданады, бұның өзі ауылдықтар үшін өте пайдалы»,– дейді «Солтангерей» АТК-ның төрағасы.

Сөйтіп, Нариман Рахымжановтың сөзіне қарағанда, мал шаруашылығы бағытындағы 10-ға жуық ауыл шаруашылығы кооперативтері қаржыландырылыпты. Олардың ішінде 8 АТК ет бағытындағы мал шаруашылығымен айналысатын, 2-уі сүт жинайтын кооперативтер. Жалпы қаржыландыру сомасы – 62 млн теңгені құрайды.

«Ынтымақ» бағдарламасы шеңберінде АТК үшін модульді құрылғылар, сүт тасығыштар және рефрижераторларға несие беру қарастырылған.

  Мысалы, «Юнимилк» АТК Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен рефрижератор сатып алу үшін аталмыш несие желісін пайдаланды.

«Бұл жерде ерекше атап өтетін жай – мемлекет сатып алынған техника мен құрылғылар құнының жартысын төлеп беретіндігі. Оның үстіне сатып алынған техника мен құрылғылар кепілдікке қабылдана алады, бұның өзі ауыл шаруашылығы тауарөндірушісі үшін аса маңызды, – деп атап өтті Нариман Рахымжанов.

Оның сөзіне қарағанда, ауылда өз ісін бастағысы және дамытқысы келетіндер жеткілікті, сондықтан, кәсіпкерлерді қолдау шаралары дер уақытында қолға алынып отыр. Палата филиалының менеджер-консультанттары жаңадан кәсіп  бастаған кәсіпкерлерге де, бұрыннан жұмыс істеушілерге де жан-жақты қолдау көрсетеді.

Дина Әбілдинова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер