Агробіліктілік орталығы шаруаларға жеке сабақ өткізуді бастайды
«Атамекен» алаңында мамандарға ақпаратты дұрыс жеткізу үйретілді
Қазіргі таңда Ұлттық палатада «АӨК субъектілеріне өтеусіз негізде білім таратуды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыру аясында Орталық сарапшылары үшін тренинг өтуде. Іс-шараның басты мақсаты - кәсіби біліктілікті арттыру және шешендік өнерді дамыту.
Еске салсақ, Агробіліктілік орталығы былтырдан бастап республиканың барлық облысында агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне арнап ғылыми-тәжірибелік семинарлар өткізіп келеді.
Бұл үшін отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен 25 негізгі бағыт бойынша оқу бағдарламалары әзірленді. Білім халық арасынад кеңінен таратылып отыр. Бүгінде дәріске 3 562 адам қатысты.
«Қазақстанда бұл жобаның баламасы жоқ. Біз шаруаларды, шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлерін тегін оқытамыз. Курс 4 күнге дейін созылады және 8 күнге дейін жалғасатын циклдық курстар да бар. Еліміздің кез келген өңірінен базалық шаруашылықты таңдап, сол жаққа өз маманымыз, яғни агроөнеркәсі кешені саласының ғалымын жібереміз. Сол жерге ауыл шаурашылығы өндірушілер жиналып, нақты мысалдар арқылы теориялық және тәжірибелік дәрістер өткізіледі», - деп түсіндіріп өтті «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Агробіліктілік орталығы директорының орынбасары Тимур Нақыпбеков.
Биылғы жылдың жаңалығы - жергілікті жерде кеңес беру енгізіледі. Кез келген шаруа хат жазып, сарапшыны шақырта алады. Бір апта ішінде АӨК саласындағы бизнестің мәселесін шешуге және жаңа технологияны енгізуге көмектеседі. Жергілікті жерде кеңес беру пилоттық режимде Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ұйымдастырылды.
Тимур Нақыпбеков бұл жобаға дәріс оитын мамандар қандай қағидаларға сүйене отырып таңдалынатыны жайлы түсіндіріп өтті.
«Бізде өңірлік кәсіпкерлер палатасына жіберетін жаттықтырушылар, маман-ғалымдардың тізімі бар. АӨК өңірлік кеңестерінде кандидатураны талқылайды, сондан кейін өз ұсыныстарын берді. Біз кәсіпкерлердің пікірін де ескереміз, себебі олар кімнің қалай сабақ өтетінін жақсы біледі. Одан кейін Ұлттық палатаның АӨК комитеті, салалық қауымдастықтардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы кандидатуралармен танысып, талқылайды. Одан кейін тізім порталға жарияланады, электронды дауыс беру кезеңі ұйымдастырылып, барлық материалдар Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданады», - деп түсіндірді Агробіліктілік орталығы директорының орынбасары.
Қазіргі таңда дәріс оқушыларды іріктеуге қатысу үші онлайн өтінім беру жүйесі енгізілу үстінде. Негізгі шаруалығы бар кез келген кәсіпкер Агробіліктілік орталығының сайтына кіріп, талаптармен танысып, өтінім бере алады.
«Біз өзіміздің жаттықтырушыларымызға семинар-тренинг өткізіп жатырмыз, оларды сөйлеуге үйретіп, біліктілігін арттырудамыз. Кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде семинар өтті. Ауыл шаруашылығы, субсидиялау, ауылға несие беру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мәселелері талқыланды. Біздің жаттықтырушыларымыз мемлекеттік қолдауда орын алған соңғы жаңалықтардан хабардар болып, өз ұсыныстарын Ауыл шаруашылығы министрлеріне бере алады. Білікті мамандар қалай оқыту керек, көпшілікпен қалай жұмыс істей керектігін, тайм-менеджментті меңгеруді үйретеді. 4 күнге созылатын курстарда тыңдаушыны қызықтыру оңай емес. Сондықтан барынша ақпарат беру үшін ееңбектеніп, іздену керек», - деп пікір білдірді Агробіліктілік орталығы директорының орынбасары.
Бұл дәріс оқушылар үшін де жақсы мүмкіндік шара барысында пікір алмасып, әр өңірде орын алған мәселелер туралы талқылай алады. Дәріскерлерге арналған тренинг алты айда кемінде бір рет өткізіледі.
«Алайда еліміздің әр түкпірінен мамандарды шақыртып, бас қосатын ауқымды тренинг жылына бір рет ұйымдастырылады», - деп хабарлады Тимур Нақыпбеков.
Агробіліктілік орталығы Мал шаруашылығы жөніндегі департаменттің директоры Болат Сейсеновтың айтуынша семинар даулы мәселелерді шешуге, стреске төзімді болуға септігін тигізеді.
«Бұл - кәдімгі психология. Біз алып келген бизнес-жаттықтырушылар ақпарат беріп, ойын түрінде немесе басқа да форматта сабақ жүргізу керектігін үйретеді. Біздің жаттықтырушылар тәжірибелі бизнесмендер. Олар өз саласын жақсы біледі. Бірақ психология, ақпарат беру жағынан көмек керек. Біздегі семинарлар екі бөлімнен тұрады: түске дейін теориялық білім, түсткен кейін тәжірибелік сабақтар өтеді. Бұл өте ауыр. Кемінде 15 адамнан бастап 60 адамға дейін қатсады, барлығы да ақпарат алғысы келеді. Осы жақта оларға көпшілікті қызықтырып отыру керек», - дейді мал шаруашылығы жөніндегі директор.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: