Мемлекет басшысы Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысты
Инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасалуда
ЭКСПО Халықаралық көрмесі аясында Польша күндері мен Польша Республикасы Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында ұйымдастырылған форум Қазақстан–Польша бизнес-форумының үшінші сессиясы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ПР Президенті Анджей Дуданың қатысуымен өтті.
Айта кетелік, 2016 жылдың 23 тамызында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшада өткен сапары барысында қос мемлекеттің басшылары мен ҚР экономикалық делегециясы, сондай-ақ польшалық компаниялардың қатысуымен бизнес-форум өткен болатын.
Қазақстан мен Польша қарым-қатынасы экономиканың бірқатар салалары бойынша жүргізіліп келеді. Елдер арасындағы ынтмақтастықтың жаңа жолдарын қарастырылуда.
Мемлекет басшысы Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуда жасалып жатқан шешімдер жайын хабарлады. Ол үшін Қытай шекарасынан бастап Каспий жағалауына дейін жаңа тас жолдар мен теміржолдар салынды, инфрақұрылым жетілуде.
«Президент жанында Шетелдік инвесторлардың кеңесі жұмыс істейді. 61 елдің азаматтары үшін визасыз режім енгізілген. 10 арнайы экономикалық аймақ пен 20-ға жуық индустриялық аймақ жұмыс істеуде. Мемлекет осы аймақтардың жұмысына қатысушыларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр. Оларға салық жеңілдіктері мен артықшылықтар берілген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдалануға лицензия алу және шартқа отыру тәртібі жеңілдетілді, – деді Қазақстан Президенті.
Президент Қазақстан территориясы барлық зоналар: таулы зонадан бастап, орманды дала, дала, шөлейт, шөлді зоналарды қамтитын айтты.
"Біз іскерлік туризмнен экологиялық және рухани туризмге дейінгі туризмнің барлық түрін дамытуға зор мән береміз. Тікелей әуе қатынасының орнағанын ескеріп, өзара ынтымақтасуға және туристік өнімдерді ілгерілетуге мүдделіміз. ЭКСПО көрмесі аяқталған соң оның базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Сондай-ақ, ЭКСПО базасында Жасыл технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық жұмыс істейтін болады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Жібек жолы экономикалық жобаның құрылысын айтты.
«Каспий теңізінде екі ірі порт салдық. Тынық мұхитындағы біздің порт арқылы контейнерлер келіп жатыр. Былтыр Польшаға бізден көп контейнер өтті. жылдан жылға контейнер саны артып келеді. 2020 жылы миллиондаған контейнерлер біз арқылы Еуропаға тасымалданады. Польша осы қозғалыстың қатысушы бола алады"- деді Елбасы .
Өз кезегінде Польша Перзиденті Анджей Дуда ЭКСПО Халықаралық көрмесін ұйымдастыру деңгейін ерекше атап өтті.
«Нұрсұлтан Назарбаев Польшаға келгенінде келісімдер жасалып, екі ел арасындағы сауда айналым көрсеткіші артты. Польшаның Қазақстанға экспорты 50%-ға, ал Қазақстанның Польшаға экспорты 80%-ға артты. Бұл жақсы прогресс. Мен Қазақстан мен Польша арасындағы сауда айналымының 6 млрд-қа жетуін қалаймын», – деді Анджей Дуда.
Сондай-ақ Анджей Дуда ЭКСПО Халықаралық көрмесін ұйымдастыру деңгейін ерекше атап өтті. «Экспода» заманауи шешімдер көп деп ойлаймын. Енді Қазақстанның сауда айналымы айтарлықтай өседі, осындай ауқымдағы халықаралық көрмеден бизнес тұрғысынан алғанда тиімділік көп болмақ», – деді Польша Президенті.
Польша Республикасы 2022 жылы Лодзь қаласында «Қайта салынған қала» тақырыбында өткізуді ұсынып отыр. Осы бастаманы жүзеге асыруда Польша кандитатурасына Қазақстанның қолдауы керек.
Жалпы Қазақстан мен Польша арасында тікелей әуе рейстері, бизнес жүргізу бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Бизнес-форум аясында екі тарапқа да тиімді жобалар жасалмақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: